Шырша жағу рәсімі Павлодар қаласы әкімі Нұржан Әшімбетовке, сондай-ақ республикалық байқау-лардың жеңімпаздары Тамерлан Омаров пен Марина Флиткоға бұйырды.

Қаланың ортасынан орын алған шыршаның биіктігі – 30 метр. Ойыншықтармен безендіріліп, түрлі түске көмкерілген шырша жиналған жұртшылықты қуанышқа бөледі.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, орталық жағажайға жиналған адам қарасы қалың. Дені – Аяз ата мен Ақшақарды көруге асыққан балғындар. Олардың көңілін көтеру үшін ертегілер кейіпкерлері мен әншілер өнерлерін ортаға салды. Шығыс жылнамасының жыл иелері – тышқан, сиыр, барыс, жылан – бәрі-бәрі орталық алаңнан табылды. Балалар да түрлі кейіпкерлердің киімін киіп, мерекеге үлкен дайындықпен келген екен.

Осылайша көпке көтеріңкі көңіл - күй сыйлаған мерекелік шара «Джем», «North East», «Just Fly» сынды хип-хоп топтарының биімен жалғасын тапты.

Мереке АМАНТАЙ

saryarka-samaly.kz