125 келіде сынға түскен жерлес-теріміз Дмитрий Попов пен Дәулет Шабанбайдың қанжығасы майланды. Алғашқысы финалда қарағандылық Іңкәр Ермұхамбетті ұтып, Қазақстан чемпионы атанды. Соңғысы қола жүлдені қанағат тұтты. Естеріңізге сала кетейік, былтыр Таразда ұйымдастырылған ел біріншілігінде Д.Попов пен Д.Шабанбай ақтық сында жолығып, Дәулеттің мерейі үстем болған-ды.

Сондай-ақ, 57 келіде бақ сынаған Ернұр Қабатаев пен 97 келіде белдескен Мамед Ибрагимов – 2017 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері. Ернұр былтырғы біріншілікте күміспен күптелген еді. Бұл жолы бір саты төмен түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте грек-рим, еркін және әйелдер күресінің өкілдері ел мықтыларын анықтады. Өкінішке қарай, грек-рим додасында павлодарлықтарға жүлде бұйырған жоқ. Әйелдер күресінен үш қоламыз бар. Оларды Светлана Анкичева, Александра Бойко және Юлия Королюк еншіледі.

 

Еркебұлан ҚЫЗДАРБЕК.

 

saryarka-samaly.kz