Жалпы, Ақсу электр станциясы 2001 жылдан бері жабдықтарды жаңарту және қайта құру бағдарламасын қолға алған. Бүгінде аталмыш кәсіпорындағы сегіз энергоблоктың бесеуі жан-жақты жетілдірілген. Мәселен, №5 энергия блогы шамамен 204 млн. АҚШ дол-ларына жаңартылып, күл сақтайтын қойма салынды. Ал станция 2 450 Мвт электр қуатын өндіріп, жаңа сатыға көтерілді.

Еуразиялық топ (ERG) құрамындағы «Еурозиаттық энерге-тикалық корпорациясы» АҚ-қа қарасты Ақсу электр станциясы кәсіби мерекеге дейін 14 млрд. 241 млн. кВт электр қуатын өндірген. Бұл көлем былтырғы өндірілген электр энергиясы мөлшерінен 2,7 пайызға артық.

- Ақсу станциясындағы күрделі жөндеуден өткен №2 энергия блогындағы жұмыстарды 4.0 Индуст-риясы элементтерін енгізумен аяқтаймыз. Яғни, сымсыз датчиктер, олардың диагнос-тикалық жүйелері қарастырылған. Атқарылған бұл жұмыстар Елбасының алдымызға қойған мақсаттарға қол жеткізудің нақты қадамдары деп есептейміз.

Төртінші өндірістік төңкеріс туралы көпшілік жиі сөз еткенмен, біз – ұзақ жылдарға арналған бағдарламамен оны нақты іске асырған Қазақстандағы тұңғыш энергетикалық кәсіпорынбыз. Бастама дәл осы Ақсу электр станциясында қанат қаққан болатын, - дейді «ЕЭК» АҚ президенті Валерий Гриненко.

Айта кетейік, Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы ұжымының облыс және республика дамуына айтарлықтай үлес қосуда.

Энергетиктердің елеулі еңбегінің нәтижесінде Еуразиялық топ кәсіпорындары жүрісінен жаңылмай, тұрақты жұмыс істеуде. Осылайша, елімізде 60 мыңнан астам адамды еңбекпен қамтып отыр.

Корпорация жетістіктері елеусіз қалған жоқ. Кәсіби мерекеге орай 640 жұмысшысына қаржылай сыйлық табыс еткен. 43 аза-мат салалық, корпоративтік, өндірістік атақтарға ие болған. 10 жұмыскер «ЕЭК» АҚ ардагері» атанған. Ал алты азамат Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының «Құрметті энергетик» атағын иеленді. Төрт маманға дәл осы қауымдастықтың Құрмет грамотасы бұйырды.

Биыл Ақсу электр станциясы 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Жарты ғасырлық мерейтойға жасалатын тарту да әзір. Яғни, энергетиктер күрделі жөндеу көріп жатқан №5 блокты іске қосса, №7 блокты қайта құруға дайындамақ. Оған қоса №2 күл үйіндісінің қалпына келтіру жобасын аяқтауды жоспарлап отыр.

Г.МАҒЖАН.

saryarka-samaly.kz