Шәкен аға

- Шәкен аға фильмдерін көрдің бе?
- Көргенмін.
- Соның бірін маған атап бер, - дедім.
- Алдар көсе.
- Дұрыс.
- Бірақ Алдар көсе
Ғасырларда әлденеше
Болған ненің кейіпкері?
- Аңыздың.
Ол аңызда
Алдайтын да,
Арбайтын да.
Тал бойында
Бар өнерін
Арам байға,
Төрелерге
Бүйідейін тиген елге
Қарсы үнемі
Жұмсағанда,
Шоқтай қарып, от боп жанды.
Аялаған адал жанды
Аспандаған асқақ әні,
Шәкен ата бейнелеген
Алдар көсе
Тарих болып қалды мәңгі.

Қазақ боксының Атасы

Бокс десе ішкен асын,
Жерге қойған сыныптасым
Маған қарап керіп қасын:
- Білесің бе? - деп сұрады,
- Бокстың кім, айтшы, атасы?
- Білмеймін.
- Алғаш қазақ балаларын
Жаттықтырған салып жанын,
Шоқыр Бөлтекұлы бабамыздың
Тарихында ел боксы
Сайрап жатыр салған ізі.
Талайлардың ашқан бағын,
Ниеті ізгі, жаны жалын.
Шоқыр баба шәкірттері
Бабамыздың жалғап жолын,
Сан биікке созды қолын.
Әр жүректе мақтаныш боп
Қалды мәңгі есімі оның.

Желаяқ Әмин Тұяқов

- Ертегінің кейіпкері желаяқ
Әмин аға емес пе екен? - деуменен
Аға есімін сәби жүрек аялап,
Арман, шіркін, құс боп ұшты кеудеден.
Қара шаңын қақтық қанша даланың,
Әр кеудеде «мен – Әмин» деген үміт оянып,
Қанша рет шаң қып шалбар балағын,
Қаншама рет үмітпенен ояндық.
Ал Әмин
Біздер түгіл дүлдүлдерге дес бермей,
100 метрге құс боп қанат қаққан-ды.
200, 400 метр қашықтықты өтті өрлей,
Сан рет чемпион атанды.
Біз, балалар, оныменен мақтандық,
Дүлдүлі деп мына байтақ даланың.
Әмин аты санамызда жатталып,
Білмеген ек жүректе өшпей қаларын.

Биші Шара Жиенқұлова

- Шара әжем би өнерін
Түлеткенін білер ме едім? -
дейді Гүлден масаттанып,
Би кітабын қолына алып.
Қамажайды шалқып билеп,
Киіз басып, салады өрнек.
Би – өнер, бұл емес ермек,
Шара әжесін үлгі тұтқан,
Биші қыз ол жүрек жұтқан.

saryarka-samaly.kz