Қалың орманда келе жатып, түлкі қоянды қуа жөнелді. Бір кезде түлкі сүрініп қалып, төмен қарай домалай жөнелді. Домалап барып, бір жуан ағашқа сарт етіп соғылды. Көзінің оты жарқ етті. Басы қатты ауырды. Әрең дегенде бір ауылға келіп, шеткі үйдің есігін «түк-түк-түк» деп қақты. Ол үйде мысық пен әтеш тұратын. Мысық:

- Неге келдің, қу түлкі? Біздің үйде саған орын жоқ, - деді. Түлкі:

- Мен сандыққа да жата беремін, сендермен бірге тұрайыншы, - деп жалынды.

- Жарайды, - деді мысық. Түлкіні көрген әтеш «ку-ка-ре-кууу» деп айқайлап жіберді. Олар басында тату-тәтті тұрды. Бірақ қу түлкі өзінің айласын асырды. Ол мысық пен әтеш жинаған қоймадағы тамағын ұрлап, орманға таси берді, таси берді. Оны қарға көріп қойып, мысыққа келіп айтты. Сол күні кешке түлкі сандыққа түсіп ұйықтауға жатты. Сол кезде ит пен әтеш және қарға сандықтың аузын мықтап жауып, далаға алып шықты да, биікке сүйреп шығарды. Сосын төмен қарай домалатып жіберді. Сандықтың аузы ашылып, түлкі орманға қарай безе жөнелді. «Бізге ұры достың керегі жоқ» деп айқайлады мысық пен әтеш. - Енді бізге келме» деді олар. Ал түлкінің ұрлаған азығын орманда аш жүрген қасқыр жеп қойыпты. Сөйтіп, түлкі жанашыр достарынан да, олардан ұрлаған азығынан да айырылып, қатты қайғырыпты. «Біреуге жасаған опасыздығың өз алдыңа келеді» деген осы екен.

Дінмұхаммед АБАЙҰЛЫ, 3-сынып оқушысы, Астана қаласы.

saryarka-samaly.kz