1. Атада бар, әжеде жоқ,
Балдызда бар, жездеде жоқ.
Алтында бар, темірде жоқ,
Ағашта бар, көмірде жоқ.
Аа (а)

2. Әкеде бар, балада жоқ,
Әжеде бар, атада жоқ.
Әзілде бар, шында жоқ,
Әділде бар, сында жоқ.
Аа - апострофпен қою керек (ә)

3. Базарда бар, дүкенде жоқ,
Балада бар, үлкенде жоқ.
Балда бар, тұзда жоқ,
Балықта бар, құста жоқ.
Bb (б)

4. Дәрігерде бар, балгерде жоқ,
Директорда бар, заңгерде жоқ.
Еденде бар, төбеде жоқ,
Садақта бар, жебеде жоқ.
Dd (д)

5. Өзенде бар, көлде жоқ,
Теңізде бар, шөлде жоқ.
Теректе бар, талда жоқ,
Кеңде бар, тарда жоқ.
Ее (е)

6. Ферзьде (1) бар, ладияда (2) жоқ,
Телефонда бар, радиода жоқ.
Физикада бар, химияда жоқ,
Францияда бар, Индияда жоқ.
Ff (ф)

7. Гірде бар, кірде жоқ,
Гүлде бар, күлде жоқ.
Газда бар, буда жоқ,
Галстукте бар, Туда жоқ.
Gg (г)

8. Қағазда бар, матада жоқ,
Ағада бар, атада жоқ.
Доғада (3) бар, арыста жоқ,
Қоғада (4) бар, қамыста жоқ.
Gg апостраф қою (ғ)

9. Вахтада (5) бар, тақтада жоқ,
Шахтада (6) бар, мақтада жоқ.
Хромда (7) бар, бромда (8) жоқ,
Хлорда (9) бар, борда (10) жоқ.
Нһ (х) (һ)

10. Іріде бар, ұсақта жоқ,
Бәкіде бар, пышақта жоқ.
Дәріде бар, аста жоқ,
Кәріде бар, жаста жоқ.
Іі (і)

11. Сайда бар, салада жоқ,
Сарайда бар, далада жоқ.
Айда бар, жылда жоқ,
Күйде бар, жырда жоқ.
Іі апостроф қою керек (и), (й)

12. Жақында бар, алыста жоқ,
Жерде бар, ғарышта жоқ.
Жұмада бар, сенбіде жоқ,
Жексенбіде бар, дүйсенбіде жоқ.
Jj (ж)

13. Көпте бар, азда жоқ,
Көктемде бар, жазда жоқ.
Көзде бар, құлақта жоқ.
Көлде бар, бұлақта жоқ.
Кк (к)

14. Қызылда бар, ақта жоқ,
Жасылда бар, көкте жоқ.
Балғада (7) бар, көрікте (8) жоқ,
Алмада бар, өрікте жоқ.
Ll (л)

15. Кемеде бар, қайықта жоқ,
Еменде бар, қайыңда жоқ.
Жаманда бар, жақсыда жоқ,
Малшыда бар, сақшыда жоқ.
Mm (м)

16. Әнде бар, күйде жоқ,
Моншада бар, үйде жоқ.
Анада бар, балада жоқ,
Сонада (9) бар, арада жоқ.
Nn (н)

17. Аңда бар, құста жоқ,
Тоңда (10) бар, мұзда жоқ.
Оңда бар, солда жоқ,
Шаңда бар, сорда жоқ.
Nn апостроф (ң), (нг)

(Жалғасы бар).

saryarka-samaly.kz