Кездесудің бірінші бөлігінде есеп ашылған жоқ. Екінші таймның басында «Ертіс» биылғы чемпионаттағы алғашқы голын соқты. Авторы – осы трансферлік маусымда «Қайраттан» павлодарлық клубқа ауысқан Аслан Дарабаев. 83-минутта «Ақжайықтың» парагвайлық легионері Фреди Кронель Давид Лория қорғаған қақпаны дәл көздеп, таразы басын теңестірді. Кездесудің негізі уақыты аяқталуға санаулы минуттар қалғанда оралдық клубтың қорғаушылары өз айып алаңында Родриго Антонионы шалып жықты. Төреші пенальти белгіледі. Стефан Живкович мүлт кетпеді. Есеп – 2:1. «Ертіс» жеңіске жетті.

Бұл екі команда осымен 19 рет кездесті. 17 матч «Ертістің» пайдасына аяқталса, екі ойында тең нәтиже тіркелді. Жерлестеріміз оралдық клубқа бірде-бір рет есе жіберген емес.

- Күннің салқындығына қарамастан, стадионға келіп, қолдау көрсеткен жанкүйерлерге ризашы-лығым шексіз. «Ертіс» сапындағы алғашқы ресми кездесуімде мергендік таныт-қаныма қуаныш-тымын. Бұл гол мені одан әрі жігерлендіре түсті. Алдағы ойындарда намысты қолдан бермейміз, - деді чемпионаттың алғашқы ойынында қанжығасы майланған Аслан Дарабаев.

Алғашқы турда ел чемпионы «Астана» ұпай жоғалтты. Шымкенттік «Ордабасының» ойыншылары елордалық клубтың қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Мұндай нәтиже «Тобыл» мен «Атырау» арасындағы матчта да тіркелді. Үш голды да Алексей Щеткин өз еншісіне жазып, биылғы чемпионаттағы алғашқы хет-триктің авторы атанды. Қызылордалық «Қайсар» да алғашқы жеңісін тойлады. Премьер-лигаға бірінші лигадан оралған клуб «Оқжетпесті» тізерлетті (1:0). «Тараз» бен «Шахтер» кездесуінде есеп ашылған жоқ. Суперкубоктың иесі «Қайрат» 1:0 есебімен «Ақтөбені» ұтты.

«Ертіс» ертең, 12 наурызда «Астананы» қабылдайдыОйын Орталық стадионда сағат 15.00-де басталады.

 

Фархат ӘМІРЕНОВ

saryarka-samaly.kz