- Бүгін сіздер үшін асық ойынының тағы бір тамаша түрі – «бәйге» (ат жарыс) ойыны туралы сөз қозғамақпын. Бұл ойында әдеттегідей қатысушылар бір-біріне «Асығың алшысынан түссін!» деп сәттілік тілейді.

Ойынға 4-5 оқушы қатысып, олар үстелге жағалап тұрысады. Әрқайсысы ойын ережесіне сай боялып, дайындалған асықтардан біреуден таңдап алады. Төрт ойыншыға берілген асық төрт түрлі түсте болуы керек: қара, ақ, көк, және сары түсті. Оларды жігерлендіріп, қызықтыру үшін «сенің жүйрігің «Баянауылдың қара аты», «Ақтоғайдың ақтаңгері», «Ақсудың көк аты», «Май ауданының сары аты» деп түрі атаулар қоямыз. Одан соң үстел үстіне 80-90 асықты шеңберге ұқсатып айналдыра тігіп, шабыс алаңын жасаймыз. Тек бәйге асықтарының старт алатын және мәреге жететін жерін – яғни түйісу орнын ғана ашық қалдырамыз.

Ойыншылардың біреуі төрт «атты» (асықты) жинап алып, ортаға иіреді. Кімнің жүйрігі алшы түссе, сол ойынды бастайды. Кезек ойын ережесіне сай сағат бағы-тымен айналып, келесі ойыншыға жалға-сады. Әрбір ойыншы үстелдегі тізбектелген асықтың жанына төрт жүйрікті қатарлас-тырып қояды (түйісу орнына). Одан соң кезегімен асықтарды жинап алып шең-бердің ортасына иіреді. Қай ойыншының асығы алшы түссе, сол асығын бір асыққа ілгерілетіп жүргізіп отырады. Егер иіргенде қатарынан екі рет алшы түссе, екі асыққа секіреді. Әрі асығы алшы түскен сайын келесі иіру кезегі де оған тиесілі болады. Бұл жерде ескеретін жайт, екі ат шеңбер ішімен, екеуі сыртымен жүріп отыруы керек.Кім алшыны көп түсіріп, барлық асықты айналып шығып, мәреге бірінші жетсе, сол жеңеді. Шеңберді екінші болып айналған асық екінші орын, үшінші болып аяқтағаны үшінші орынға шықты деп есептеледі. Ал жеңілген төртінші ойыншы ән айтып, би билеп, өз өнерін көрсетеді.

Үйлестірген – Мұрат АЯҒАНОВ.

saryarka-samaly.kz