Шараға өңіріміздегі жоғары оқу орындары мен колледждерде оқитын студенттерден, жергілікті мәслихат депутаттарынан, әртістерден және спортшылардан құралған 150-ге жуық адам қатысты. Олар олимпиадаға қатысушылардың есімдері жазылған үлкен плакаттарды көтеріп, жерлестеріміздің жеңіспен оралуына тілектестік білдірді.

Облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Санира Жүсіпованың сөзінше, флеш-моб аясында арнайы бейнетаспа түсіріліп, әлеуметтік желі арқылы жұртшылыққа көрсетіледі.

- Біз жерлестерімізден жеңіс күтеміз. Әрине, олардың жоғары деңгейде өнер көрсетуіне біз де атсалысуымыз керек. Яғни, соңдарында сенім артқан мыңдаған жанкүйер бар екенін көрсетіп, моральдік, психологиялық тұрғыда қолдау танытуымыз қажет. Бұл шетелде ел намысын қорғайтын әрбір спортшыны рухтандырып, жеңіске деген күш-жігерін арттырады деген ойдамыз, - деді ол.

Естеріңізге салайық, Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 9-25 ақпан аралығында өтетін 23-ші қысқы Олимпиада ойын.

Тілеуберді САХАБА

saryarka-samaly.kz