Мен психолог ретінде «Айналайын» қосымшасымен 2006 жылдан бастап араластым. Бастапқыда оқушыларға, ата-аналарға арналған мақалалар жазып, кейін газетке және өзіме балалардан түрлітақырып-тардағы сауалдар келе бастағаннан кейін қосымшаның психологі ретінде сол сауалдарға жауап жаза бастадым. Сонымен, менің «Айналайынмен» байланыс жасай бастағаныма 12 жыл болыпты. Менде сол жылдардағы қосымшаның біразы сақтаулы. Сондай-ақ көп жылдар «Айналайында» жарық көрген кеңестерімді жинақтап «Психологтің кеңесі» атты жинақ шығардым.

Осыдан 10-12 жыл бұрынғы «Айналайынның» оқырмандары маған «Қызбалықтан қалай құтылуға болады», «Көңіл-күйдің әсері», «Алғашқы махаббат», «Жалғыздықтан қалай құтылам?» секілді сауалдар жолдапты. Одан кейін балалар «Ұялы телефон ұстағым келеді» немесе «Мектепте ұялы телефонға неге рұқсат етпейді?» дегендей сұрақ қойыпты. Қарап отырсам, әр кезең, әр жылдардағы жасөспірім балалар-ды мазалайтын сауалдар әрқилы екен. Бір жағынан қызық, екінші жағынан шынымен бала түгілі ересектерді де ойға жетелейді. Балаға ақылшы керек, кейде досыңа, мұғаліміңе, ата-ата-анаңа айта алмайтын сырыңды, мазалаған ойыңды психологмаманмен ақылдасып, кеңесіп бірге шешудің жолын іздестірсең, адаспайсың. Мінез қызбалығынан ойланбай шалыс басудың өкініші жеңіл болмайды. Сондықтан кеңесіп, үлкендердің ақылын тыңдап отырған дұрыс.

Мен «Айналайынның» оқыр-мандарын 20 жылдық мерейтоймен құттықтаймын. Газет-журнал, кітапты көбірек оқып, таным көкжиегін кеңейте түсіңдер. Көп оқитын бала ақылды болып ержетеді. Ал мен сендердің ақылды, білімді болуларыңды қалаймын! Аман болыңдар, айналайындар!

Бақыт БЕЙСЕКЕЕВА, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

saryarka-samaly.kz