- Майгүл Заркешқызы, қолда-нысқа енген атаулы әлеуметтік көмек туралы толығырақ айтып берсеңіз. Ол несімен тиімді?

- Жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген отбасыларға бұған дейін беріліп келген үш әлеуметтік төлемді біріктіретін «Бірыңғай жәрдемақы» болып табылады. Оның біріншісі, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен 40%-ға төмен болған жағдайда отбасының әр мүшесіне берілетін атаулы әлеуметтік көмек болса, екіншісі - отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен 60%-ға төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын балалар жәрдемақысы. Оның мөлшері осы жылы 1,05 АЕК немесе 2 383 теңгені құрайды. Ал үшіншісі, кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға табысына қарамастан берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы. Осылайша «Бірыңғай жәрдемақы» бүгінгі күнге дейін беріліп келген 3 түрлі өтемақының орнын алмастырады. Бұл халық үшін өте тиімді. Мәселен, бұрындары азаматтар үш жәрдемақыны алу үшін үш пакет құжат даярлап, үш түрлі мекемеге баратын болса, енді жаңа жүйе аясында бір пакет құжат әзірлеп, бір мекемеге, яғни жұмыспен қамту орталығына барып, шаруасын тындыра алады. Сонымен қатар, жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50%-ға төмен отбасыларға, азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.

Ұсынылған атаулы әлеуметтік көмекті қай жағынан алсақ та тиімді. Мұнда әрбір жұмысқа қабілетті азамат Үкімет тарапынан оқытып, белгілі бір маман иесі атана алады. Бұл елдегі жұмыссыздық мәселесінің азаюына әкелетіні анық. Сонымен қатар жоба шеңберінде несие алып, жеке кәсібін ашуға ниетті азаматтарға да таптырмас мүмкіндік сыйлайды. Осының нәтижесінде әлеуметтік көмек алушылар азайып, масылдықтың алдын аламыз.

- Мұндағы шартты және шарт-сыз ақшалай көмек дегенді қалай түсінуге болады?

- Шартты атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға немесе еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуымен ұсынылады.

Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке жарамды мүше-лері жоқ немесе еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдем-десудің белсенді шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын (1 және 2-топ мүгедектері, 2 айдан асатын мерзімге уақытша еңбекке жарамсыздық деңгейіндегі аурудың болуы, 7 жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, 1 және 2-топ мүгедегіне, басқалардың көмегі мен күтіміне мұқтаж адамдарға күтім көрсету) аз қамтылған отбасыларға беріледі.

- Жаңа заң 2017 жылдың соңына дейін беріліп келген 3 түрлі өтемақының орнын алмастырғаны мәлім. Бұл ретте талаптардың да өзгеретіні анық. Қазіргі таңда облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмекті алуға ниеттілер саны артып келе ме?

- Бұл ең әуелі атаулы әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрғындарды қағазбастылықтан арылтып, жұмыс-тарының жүйелі әр тез бітуіне жол береді. Қазіргі таңда облыс көле-мінде жаңа жүйе негізінде тұрғындар қажетті құжаттарын жинақтап, тіпті олардың алды ақшалай көмекке қол жеткізіп те үлгерді. 2018 жылдың 1 ақпанына дейінгі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек облыс бойынша аз қамтамасыз етілген 1924 адамға тағайындалды. Бұл - жыл басынан бергі уақытты алғанда 1 айдың ішінде ғана атқарылған жұмыс. Дегенмен болашақта олардың саны артуы мүмкін. Осы ретте күнкөріс минимумы тоқсан сайын ауысып отыратынын да естен шығармағанымыз абзал. Сондықтан бөлім мамандары қаңтар айында жәрдемақы ала алмаған барлық павлодарлықтарды қайтадан келуге шақырады. Жұмыспен қамту орталығының мамандары көмектің басқа түрлері туралы айтып береді және бұдан әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігімен  білім алуды ұсынады.

- Бұған дейін павлодарлық Замира Құнанбаева деген тұрғын берілетін атаулы әлеуметтік көмекті ала алмадым деп шағымданған. Осы мәселе шешілді ме?

- Мұндай келеңсіз жайт облыста алғаш рет тіркеліп отыр. Қазір бұл мәселе түбегейлі шешімін тапқан. Замира Құнанбаеваның есепшотына ақпан айының 12-сі күні қаңтар айында берілетін жәрдемақы аударылды. Мұндағы негізгі себеп есептеу жүйесінің істен шығуы болып отыр. Бұл қателік министрлік тарапынан жөнделген болатын.

- Атаулы әлеуметтік көмек қандай жағдайда берілмеуі мүмкін?

- Атаулы әлеуметтік көмек біріншіден, жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға); екіншіден, кәмелетке толмаған балаларды, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балаларды қоспағанда, олар оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін (бірақ жиырма үш жастан аспайтын) еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыларға; үшіншіден, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жалған ақпарат пен анық емес (қолдан жасалған) құжаттарды ұсынған адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан – Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

saryarka-samaly.kz