Бұл туралы облыстық педагогика-лық шеберлік семинарында Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Гүлбағда Кәрімова баяндады. Оның сөзіне сүйенсек, 2015, 2016 жылдары 15-20 бала ғана қамқорлыққа алынып немесе өз үйіне оралса, соңғы уақытта жетім балаларды асырап алушылардың саны артқан. Жақында отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан тағы 20-ға жуық тәрбиеленуші асырап алуға ниетті отбасылардың қамқорлығына берілмек.

- Қазіргі таңда әкімшіліктің шешімін күтіп отырмыз. Жетім балаларды асырап алу оңай жұмыс емес. Құжаттарды рәсімдеп, қамқорлығына алғалы отырған отбасының жағдайын тексеру 1-7 ай аралығындағы уақытты алады. Бала асырап алу - үлкен жауапкершілік. Сондықтан біз бала асырап алушы ата-аналарға балалардың өмірінде кездесетін қиындықтар жөнінде семинар-тренингтерді жиі өткіземіз. Қазір бізде 4-18 жас аралығындағы 63 бала тәриеленуде, - дейді Г.Кәрімова.

Жиын барысында атал-мыш балалар ауылының ана-тәрбиешісі Гүлзат Темір-жанова отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленушілерді үлкен өмірге дайындап, ақыл-кеңестер беретінін айтты.

- Біздің ауылымызда 8 үй бар. Бір үйде кем дегенде 8-9 бала тәрбиеленуде. Әртүрлі жастағы балалар бір-біріне қарап бой түзеп, өсіп келеді. Олар күні ертең өз үйіне оралса немесе біреулер асырап алса, жаңа ортасында қысылып, қиындықтарға тап болмасын деген оймен өмірге қажеттілердің бәрін көрсетуге тырысамыз. Қыздары-мызды көбіне ісмерлікке баулып, түрлі бұйымдар тігуге, үй тірлігін қиналмай атқаруға жол көрсетеміз. Балаларымыз тәрбиелі, - дейді ана-тәрбиеші.

«Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында» 70 бала тәрбиеленуде. Директордың орынбасары Бақыт Жүсіпбекованың мәлімдеуінше, балалар ауылынан 2017 жылы 5 баланы асырап алса, 6 тәрбиеленуші өз отбасына қайта оралған және 1 отбасы ата-ана қамқорлығынсыз қалған 5 баланы өз қарамағына алған. Ал жыл басынан бері 1 бала өзінің жаңа отбасымен қауышса, 2-еуі туған шаңырағына қайта оралған. Наурыз айының соңына қарай тағы 4 бүлдіршін асырап алуға берілмек.

Әзірлеген - Қ.МҮСӘЙІП.

saryarka-samaly.kz