Ойынның 28-ші минутында төреші «Қайратқа» қарсы айып добын белгілеген еді. Бірақ «астаналық» Патрик Твумаси мүлт кетті. Қос мықты кездесудің бірінші жартысында бірін-бірі ала алмады.

Ойынның екінші жартысында елордалық команда ширақ қимылдап, ұрымтал сәттің бірінде Иван Маевский есеп ашты. Осыдан соң алматылық командаға қарсыластары ес жиғызбады. Дмитрий Шомконың берген добын сәтті пайдаланған Мартин Томасов есепті еселеді. Ойын соңына дейін Мартин Томасов «Қайраттың» қақпасына тағы бір гол соқты. Осылайша «Астана» командасы өз тарихында үшінші мәрте Суперкубогқа ие болды.

Спорт жаңалықтарын әзірлеген - Алпысбай ӘБДІЛҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz