Спорт

Күміс дубль!

Биылғы маусым павлодарлық волейболшылар үшін сәтті өрілді. Қыздардың «Ертіс-Қаз-хром» және ерлердің «Павлодар» клубтары ел біріншілігінің күміс жүлделерін иеленді. Бейсенбі күні облыс әкімі Болат Бақауов спортшылармен кездесіп, жетістік-терімен құттықтады.

«Екінші тыныс»: жақсы ма, жаман ба?

Бірде тәулік бойғы марафон жүгірісінен кейін маған сайысқа қатысушылардың бірі тақап келіп: «12 сағаттық жүгіру барысында менің «екінші тынысым» 4 рет ашылды» деп, қуанышын жария етті. Сөйтті де лезде: «ал Сізде «екінші тыныс» қанша рет болды?» деп сұрақ…

Аслан Дарабаев: «Мен сенімді ақтаймын!»

Аслан Дарабаев – жаңа маусымда павлодарлық «Ертістің» қатарын толықтырған ойыншылардың бірі. Ол біріншіліктің алғашқы турында оралдық «Ақжайықпен» болған ойында (2:1) өнер көрсетіп, павлодарлық клубтың биылғы маусымдағы алғашқы голын соқты. «Ертістің»…

«Ертіс» екпінінен жаңылмайды

Павлодардың «Ертісі» жаңа маусымның алғашқы турларын тәуір нәтижелермен бастады. Ұжым бірінші турда Оралдың «Ақжайық» командасын 2:1 есебімен ұтса, келесі ойында азулы «Астанамен» тең ойнады. Алғашқы матчтан кейін Павлодар футбол федерациясының президенті…

Тізелеріңізді баптаңыз!

Жыл сайын көктемде мыңдаған адам жүгіруге кіріседі. Жүгірудің көл-көсір пайдасы туралы білетіндердің көпшілігі жүгірумен шұғылданып көрген. Бірақ олардың барлығы бірдей тұрақты түрде айналыспайды. Жасыратыны жоқ, бірқатар адамдардың көздегені – арықтау,…

Футбол комментаторы Ермұхамед Мәулен: «Димитров дегеніне жетпей тынбайды»

Футболсүйер қауымға Ермұхамед Мәуленнің есімі жақсы таныс. Ол – еліміздегі таңдаулы спорт комментаторларының бірі һәм футбол сарапшысы. Біз Е.Мәуленмен «Ертістің» биылғы құрамы, трансферлік саясаты жайлы әңгімелескен едік.

Маусымды жеңіспен бастады

Сәрсенбінің сәтінде футболдан 26-ншы ел чемпионатының шымылдығы түрілді. Павлодарлық «Ертіс» алғашқы турда Оралдың «Ақжайық» командасын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Әлемді мойындатқан Әлия

Спорт деген сиқырлы әлемнің есігін алғаш қаққанда Әлия Мейрамғалиева сегіз жаста еді. Содан бергі өмірі осы саламен сабақтас. Уақытында менменсіген талай мықтының мысын басқан саңлақ спортшы атанды. Қазір талантты ұл-қыздардың талабын ұштар білікті бапкер.…

Жеңісі үшін - жаңа пәтер!

Алматыда өткен 28-інші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың мультимедалисі Анна Шевченко Павлодар қаласынан екі бөлмелі пәтерге ие болды. Кеше облыс әкімі Болат Бақауов спортшыға жаңа пәтердің кілтін табыс етті.

Попов - чемпион!

Күрес түрлерінен Шымкентте өткен ел біріншілігінде павлодарлық еркін күрес шеберлері жақсы өнер көрсетті. Облыс спортшылары 1 алтын және 3 қола медаль олжалады.