Бұл елді мекеннің кейбір көшелерін су басу қаупі туындап отыр. Шара барысында құтқару-шылар су басу қаупі төніп тұрған аймақтардағы халықты эвакуа-циялау жұмыстарын орындап, ауыл тұрғындарын қабылдау бекетіне жеткізді. Ал ветеринария саласының қызметкерлері қорадағы малды қауіпсіз жерге шығаруды ұйымдастырды. Сондай-ақ, апаттар медицинасы орталығының және жедел құтқару жасағының мамандары зардап шеккендерді анықтап, тасымалдауға денсаулығы жарамайтын тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін аулаларды аралады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауыл тұрғындары жүргізілетін оқу-жаттығу туралы алдын ала хабарландырылған. Бұл ретте халықты жедел түрде құлақтандыру жүйесі орнатылды. Оқу-жаттығу аясында құтқарушылар су басу қаупі жоғары аумақтарда тұратын халықты эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің базасында эвакуациялық бекет орналастырылып, зардап шеккендерге жылытылған және тамақтандыру пункттерін ұйымдастырды. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары ауылдың көшелерінен қар шығару жұмысын жүргізді.

Оқу-жаттығу барысында Ұлттық ұланның №5512 әскери бөлімінің қызметшілері су басуы ықтимал аумақтарға топырақ үйінділерін жасап, құм толтырылған қаптармен жасанды бөгеттер тұрғызды. Шараға облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 205 қызметкер мен 70 техника тартылды.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

saryarka-samaly.kz