Жолдас Қоспақұлын жаңа қызметке тағайындау үшін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы келіпті. Бас мүфти жаңа имамды қасиетті жұма намазының үстінде жергілікті жамағатпен таныс- тырып, алдағы қызметіне табыс тіледі.

- Жолдас Қоспақұлы – елімізге танымал білімді дінтанушылардың бірі, әрі осы өңірдің тумасы. Діни қызметпен қатар, ғылым саласында да өз орны бар азамат. Жолдас имамның дін саласында еңбек еткеніне 15 жылдай болды. Міне, осы мол тәжірибесі мен іскерлігін енді өз өңірінің руханиятын дамытуға жұмсайды деп сенемін. Алда атқарар абыройлы қызметіне сәттілік тілеймін, - деді Серікбай Сатыбалдыұлы.

Жолдас Қоспақұлын Павлодар жұртшылығы жақсы біледі. Ол 2003 жылы Мысыр Республи-касының Каир қаласындағы Әл-азһар ислам университетін бітірген. 2004-2009 жылдары аралығында облыстық Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің наиб имамы, 2009-2011 жылдары осы мешіттің бас имамы және «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің директоры болды. 2013-2017 жылдары Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы болса, 2017 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы «Орбита-3» мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.

Тілеуберді САХАБА

saryarka-samaly.kz