Сайысқа жергілікті төртінші билік өкілдерінен құрылған 5 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Командалық есеп бойынша бірінші орынды «Халық радиосы» еншілесе, екінші орынды «Ертіс Медиа» ЖШС-нің командасы қанжығалады. Жүлделі үшінші орын облыстық «ERTIS» телеарнасының спортшыларына бұйырды.

Ерлер арасындағы жекелей сында облыстық «Халық радиосының» бас редакторы Ерсайын Ертісбаев қарсылас шыдатпаса, екінші орынды аталған радионың жаңалықтар қызметінің редакторы Махаббат Камесхан жеңіп алды. Үшінші орыннан «Ертіс Медиа» ЖШС-нің директоры Асқар Шөмшеков көрінді.

Қыздар арасында «ERTIS» телеарнасының жетекші редакторы Марина Сахарова жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орынға облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Мереке Амантай лайықты деп танылды. Үздік үштікті «Ертіс Медиа» ЖШС қаржы бөлімінің маманы Гүлжазира Сәдуақасова түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының грамоталарымен марапатталды.

Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz