Екі дүркін Қазақстан Респуб-ликасы кубогының иегерлері бұл маусымда 10 команданың ішінде 7-орынға табан тіреген еді.

- Қойылған міндеттердің орындалмауына байланысты осындай шешім қабылданды. Біз бас бапкерге жаңа маусымда нақты міндеттер жүктеген едік. Биылғы жылы командамыз медальға таласа алмады. Плей-офф ойындарының бірінші кезеңінен өту туралы жоспарымыз да жүзеге аспады, - деді «Ертіс» хоккей клубының бас директоры Игорь Елащук.

Команданың бас бапкері болып осыған дейін Рудныйдың «Горняк» хоккей клубын баптаған Алексей Фетисов тағайындалды. 1974 жылы дүниеге келген жаңа бапкер «Спутник» (Нижний Тагил, РФ) хоккей клубының түлегі. Аталған команда құрамында ол 1992-1993 жылдан бастап 2005-2006 жылдары арасында барлығы 14 маусым өткізген. 622 ойынға қатысып, 247 шайба салған. Ол - «Спутниктің» ең үздік үш сұрмергенінің бірі. 2008 жылдан бері бапкерлік қызметке ауысқан. Бұған дейін «Спутник», Қарағандының «Бүркіт», «Сарыарқа», Өскеменнің «Торпедо», «Юниор-Спутник» (Нижний Тагил), Рудныйдың «Горняк» хоккей клубының бас бапкері қызметін атқарған.

Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz