1917 жылға дейін Павлодарда орыс тілінде газет болмаған, тұрғындар «Семипалатинские областные ведомости» облыстық газетін тек кітапханадан ғана көретін. Ал, жалпы, қалаға 1910 жылдан бастап Омбыдан «Омский вестник», «Омский телеграф» атты газеттер келіп тұрыпты. Павлодарда аталмыш басылымдардың «Горе-Горький», «Сирота» деген бүркеншек атпен меншікті тілшісі болған дейді жылнама.
1917 жылғы төңкеріс салдарынан
11 тамызда Павлодарда «Свободная степь» атты «Конкуренция» баспасынан алғашқы басылым ұйымдастырылыпты. Бұл басылым «демократиялық және социалистік» бағытта болуы тиіс еді, алайда газет қарапайым халықтың емес, кадеттер мен эсерлер партиясының мүддесін көздеген екен.
Жоғарыда жазғанымыздай, 1918 жылдың 7 сәуірінде бүгінгі «Звезда Прииртышья» газетінің «Объединение» деген атаумен бірінші саны жарық көріп, редакторлығына шіркеу-приход училищесінің орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Павел Захарович
Ермаков тағайындалған екен.  
1919 жылдың 1 қаңтарынан Колчак газеті «Голос степи» шығып тұрған, бұл басылым сол жылдың қараша айында тоқтапты.
Жалпы, қазақ даласы талай-талай тарихи кезеңді, қоғам алмасуын бастан кешті. Әсіресе, өткен ғасырдың
1917 жылынан бастап болған төңкеріс, ақ пен қызылдың алмасуы, олардың алмакезек басшылыққа келуі аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының ауысуына,
мазмұн- бағдарының өзгеруіне себеп болды. Мәселен, 1919 жылы уездік ревком өзінің «Известия Павлодарского Уревкома» газетін шығарса, бұдан кейін «Красный Павлодар» атты кеңестік кезеңнің 3-ші газеті жарық көріпті. Содан кейінгі жылдарда «Большевик», «Степной пахарь» атты газеттер шыққан екен. Соңғысы большевиктердің мүддесін көздеген және ауылдағы шаруаны насихаттау мақсатымен осылай аталса керек. Редакторы Василий Мигунов деген әрі журналист, әрі спортшы ретінде танылған азамат,
1923 жылы алғашқы футбол командасын құрыпты. Бұл басылымның таралымы әуелде 750, сосын 1025,
1925 жылы 2000 дана болыпты. Губерния-дағы барлық уездік газеттердің кірісінен шығысы көп болғандықтан, аталмыш басылым да жабылады. Оның соңғы нөмірі
1925 жылы 13 қарашада шыққан. Бір қызығы, 1925-1928 жылдар аралығында Павлодарда бір күндік басылымдар жарияланып тұрыпты. Олардың арасында «10 лет Октября», «11 лет Октября», «День кооперации», «За заем индустриализации», т.б. бар. 1929 жылдың 1 қаңтарында кеңестік алтыншы «Советская деревня» деген газет шығыпты. Жұмысшылар клубының ғимаратында қалалық партия-комсомол және кәсіподақ активінің жиылысы өтіп, онда басылымды мазмұнды шығарудың мәселесі қаралған екен.   
1929 жылдың 15 ақпа-нында қазақ тіліндегі «Сарыарқа самалы» кешегі «Кеңес туы» газеті жарыққа шығып, алғашқы редакторы болып бола-
шақ ғалым Бейсембай Кенжебаев (1904-1987жж) тағайындалды. Бұл газет орыстың «Советская деревня» газетімен қатар шығып тұрған. Бастапқыда бұл басылымдар апталық болса, кейін аптасына
2 рет жарияланған. Орыс газеті
1930 жылдың ақпанынан бастап атауын «Колхозный путь» деп өзгертті. Бұл округтік кейін Павлодар аудандық партиясы мен аудандық атқару комитетінің органы болды. 1930 жылы
25 тамызда «Колхозный путь» газетінің редакторы болып, Н.Бушуев деген тағайындалған екен. Облыстық  орыс тіліндегі басылымда әр жылдарда белгілі жазушы-қаламгер, екі мәрте КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері болған А.Суров, жазушы, өлкетанушы И.В.Маслов еңбек еткен.
1948 жылы 5 мамыр - Баспасөз күні «Большевистский путь» газеті өзінің
30 жылдығын атап өтіпті, сол жылы Павлодар облысының құрылғанына
10 жыл болған-ды. Бұл мерейтойды облыстық драма театрында журналистер мен меншікті тілшілер, зиялы қауым өкілдері мен өнерпаздар атап өткен екен.
1953 жылы 18 сәуірде газет атауы өзгеріп, «Павлодарская правда» деп аталып, 10 жыл шығып тұрды. 1954 жылдың
1 маусымында бұған дейін бір парақ
(2 бет) болған басылым енді 4 беттік болды, форматы өзгерді. Сонымен бірге орыс журналистері әдеби орта қалыптастырып, жас ақындардың, шығармашылықпен айналысатын адамдардың туындылары жа-
риялана бастады. 1958 жылдың жазында Павлодар облысына Мұхтар Әуезов келгені белгілі. Әйгілі жазушы сол жолы екі газеттің де редакциясында болып, ұжымдарымен кездескен екен.
100 жыл бойы өңір жылнамасын, аймақтың әлеуметтік-экономикалық саласын, қоғам-дағы өзгеріс-жаңалық атаулыны үзбей жариялап, тарихи оқиғаларға да маңыз беріп келе жатқан облыстық газеттің өзі бұл күнде үлкен тарихқа айналыпты. Басылымда әр жылдарда В.С.Молотов, В.Шевченко, С.Музалевский, В.Воронов, В.Ступак, В.М.Онухов, С.П.Шевченко, П.И.Оноприенко, В.Г.Семерьянов, О.Григорьева, И.Волкова, Ю.Д.Поминов, О.Фролова, И.А.Лисовская, т.б. ондаған білікті тілшілер жемісті еңбек етсе,
олардың арасында тәжірибелі журналистер әр жылдарда шығарма-шылықтарын өрбітіп, кітаптар да жазды. Бұл ретте көп жылдар газетті басқарып, жемісті еңбек еткен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі  Юрий Поминов «Просто жизнь...» атты бірнеше кітабын жарыққа шығарғанын атап өту керек. Газеттің фототілшісі Владимир Бугаев ұлттық журналистік жоғары марапат «Алтын Жұлдыз» сыйлығына ие болды.  
1968 жылы газеттің ең алғашқы редакторы Павел Захарович
Ермаков атындағы  сыйлық тағайындалып, 1991 жылға дейін бұл сыйлықпен жыл сайын облыстық және аудандық газеттерде жемісті еңбек етіп жүрген журналистер марапатталып отырды. Сол жылдың көктемінде «Звезда Прииртышья» газетінің редакциясы басылымның 50 жылдығына орай «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
Владимир Владимирович Долгушев басқарып келе жатқан бүгінгі «Звезда Прииртышья» облыстық газетінде уақыт талабына сай өзгеріс, жаңалықтар көп. Айтар ойы салмақты, заманауи дизайнмен әдіптелген газеттің апталық таралымы
15 мыңнан асады. Басылымда заң, қоғам, спорт, құрылыс, экономика, мәдениет, т.б. тақырыптарды қамтитын айдарлар мен арнаулы беттер, балалар шығармашылығына арналған, шыға бастағанына биыл 20 жыл толған «Домовенок» беті және көпшілікке ой саларлық мәселе көтерген материалдар жиі шығып тұрады. Жалпы айтқанда, бүгінгі таңда Тәуелсіз еліміздің жасампаз істерге толы шежіресін жазу ісіне бұл басылым да сүбелі үлес қосып келеді. Редакцияның қазіргі құрамында ондаған жылдар журналистика саласында еңбек еткен А.Сағитова, В.Гегер, Владимир Бугаев, С.Горбунов, Ю.Поминов, Валерий Бугаев, ұзақ жылдар корректор болып келе жатқан Г.Марченко, компьютерлік терім операторы Ғ.Торғаева, қаламы өткір И.Волкова, Г.Егорова, тұрғындар-
дың әлеуметтік мәселелерін жиі көтеретін А.Уралова, т.б. жемісті еңбек етуде.
«Сарыарқа самалы» газетімен бірге жасасып, қанат-таса еңбек етіп, уақыт салмағын бірге көтерісіп келе жатқан «Звезда Прииртышья» газетіндегі әріптестерімізді ғасырлық мерейтойларымен құттықтаймыз.
Шығармашылық шабыт артып, оқырмандар қатары көбейе түссін! Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі жолында ел мұратына негізделген шығармашылық үрдіс жалғасын тауып, қаламдарыңыз мұқалмай қызмет ете беріңіздер!   

Сая МОЛДАЙЫП

saryarka-samaly.kz