Жас домбырашылар мен қобызшылар, шертершілер мен қылқобызшы жеткіншектер еліміздің әр аймағынан келген жүздеген музыканттармен бақ сынасып, облыс намысын абыроймен қорғады. «Домбыра» номинациясы бойынша дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатынан Бейсен Мерей мен Нәзира Омар үздік өнер көрсетіп 2-ші дәрежелі лауреат атанды. Қабиден Мейірханов дипло-
мант атанса, Марат Бекбаев күйші Т.Момбеков атындағы
грамотамен марапатталды. Сондай-ақ Әлібек Жасұланов пен Әмір Қайыр байқаудың сертификаттарына ие болды.
Қобызшы, қылқобызшы шәкірттер де республикалық байқауда шеберліктерін таныта білді. Жансая Тәліп 3-дәрежелі лауреат атанса, Айзере Айкенова сертификат пен ҚР Халық әртісі Гүлнәфис Баязитова атындағы арнайы грамотаға ие болды. Қылқобызшы Саяжан Нұғманова  2-дәрежелі лауреаттықты иеленді.
Биылғы көктем шертершілер тобына да сәттіліктер сыйлады. Шертерші оқушы Асанәлі Утебалиев 1-ші жүлделі орын алса,  Асанәлі Сәрсенбаев 2-ші жүлделі орынды иеленді. Астанада өткен XXXIX республикалық музыкалық колледждер аралық конкурсынан 2-курс оқушысы, шертерші Алтынай Бағдат та 2-орынды жеңіп алды.
Орыс халық аспаптары бөлімінің оқушы-лары да аталмыш байқауларға қатысып, шеберліктерін көрсетті, түрлі номинациялар бойынша лауреаттар мен дипломаттар қатарынан көріне білді. Гитара аспабы бойынша Алексей Бобров – 1-ші орын, Нұрай Әбілқайыр мен Эштон Яцешин және Шыңғыс Тимур 3-орынды иеленді.  Баян-аккордеон класы бойынша Ернұр Мамрай мен Дархан Әукенов – дипломант, Абай Мадиар -
2–орын, Ернұр Нөгербек 3-ші орынды иеленді.  Домра класы бойынша Дарина Ермекбай – бас жүлде, ал Эвелина Бородина 2-орынды жеңіп алды.
 Республика бойынша жүздеген бала музыкалық білім жарысына түскен додада Павлодар «Музыкалық колледж-
дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» оқушыларының арасы-
нан үкілеп қосқан шәкірттердің биіктен
көрінуі – біз үшін мақтаныш. Бұл жетістіктерде оқытушы-педагогтардың да қосқан үлесі зор екенін атап өту керек. Жас талаптарымыз бұл жетістіктермен шектеліп қалмайды. Оларды әлі талай сайыстар күтіп тұр. Өнерлерің өрге баса берсін, жас таланттар!
Күләш ТЮТЮНОВА,
Павлодар музыкалық колледжінің оқытушысы.

saryarka-samaly.kz