Жерлесіміз, ардагер ұстаз, ҚР Мәдениет қайраткері Қайырбек Сәтиевтің 70 жылдық мерейтойына орай Май ауданында «Жауқазын» атты ән байқауы өтті. Қазақтың халық әндері мен Қайырбек Мүфтәнұлының әндерін насихаттауға арналған шараға ауданымыздың талантты балалары қатысты.
Оқушылар үйінің педагогы Тимур Шәкиевтің шәкірті Жанат Алтынбек биылғы «Жауқазын» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Алтынбек бұған дейін де бірнеше рет әншілік өнерімен танылған болатын.
Талантты баланың болашағы зор болып, өнер әлемінде биіктерден көрінеріне сенеміз.
Гүлвира ШӘКИЕВА,
Май ауданы.

saryarka-samaly.kz