Іс-шараның қорытынды кезеңіне Павлодар облысынан 5 оқушы, атап
айтқанда - дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының
8-сынып оқушылары Әлия Рашитова, Назерке Ошақпай, Әйгерім Серікбаева, Сабина Балтабекова және Екібастұз қаласындағы №24 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Мария Коптева өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша біздің аймағымыздан 2 оқушы жүлделі орынға ие болды. ІІ дәрежелі дипломмен екібастұздық Мария Коптева және
ІІІ дәрежелі дипломмен павлодарлық Әлия Рашитова марапатталды.
Жүлдегер атанған оқушылардың ұстаздары Рауза Амангелді (дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты) және Гүлжамал Жанғозина (Екібастұз қ. №24 орта мектебі) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хатымен марапатталды.
С.ТАУҚЫЗЫ.

saryarka-samaly.kz