Клубтық лицензия мен қаржылай талаптарды уақытында орындамаған 4 футболдық клубқа аталған комитеттің тарапынан
шара қолданылған. Олар – Албанияның «Тирана», Сербияның «Войводина», Швейцарияның «Сьон» және павлодарлық «Ертіс» футбол командасы.
Ендігі жерде «Ертіс» 2017-2018 жылдар-дағы Еуропа Лигасының іріктеуіне қатысу-
мен қоса, алуы тиіс болған
440 000 еуро қаржыдан қағылады. Санкция үш жылдық сынақ мерзіміне шегерілген.
Қазақстан футбол федерациясының
Лицензиялау және аттестациялау департаментінің директоры Ержан
Мұсабеков УЕФА тарапынан «Ертіс»
(Павлодар) футбол клубына қатысты қабылданған шешімді түсіндіріп берді.
- 2017 жылдың 30 маусымы күні «Ертіс» футбол клубы қаржылық тексеріс кезінде УЕФА әкімшілігіне 2017 жылдың
31 наурызына дейінгі кредиторлық қарыз жөнінде қаржылық мәліметті берді. Бұл кредиторлық қарыз бақылау мерзімі, яғни 2017 жылдың 31 наурызынан кейін толықтай төленген. Алайда УЕФА талабына сәйкес, қаржылық талап алдындағы міндеттерді мерзімінде орындамағаны үшін осындай шешім қабылданған. УЕФА тарапынан лицензия талабын орындамағандықтан, санкция қолданылды: 2017-2018 жылғы маусымда Еуропа Лигасына қатысқаны үшін «Ертіс» футбол клубына берілуі тиіс төлемақы ұсталды. Сонымен қатар, «Ертіс» футбол клубы қатарынан үш жыл УЕФА-ның қаржылық комитетінің бақылауында болады. Сынақ мерзімі «Ертіс» футбол клубын УЕФА аясындағы турнирлерге қатысуға рұқсат береді. Алайда қаржылық талап бойынша заң бұзушылық қайталанған жағдайда санкция күшіне енеді, - деді Ержан Мұсабеков.
Шартты түрде бір маусымнан
шеттетілген жергілікті команда алдағы уақытта УЕФА тарапынан қойылған талаптарды толықтай орындап, еурододаларда доп тепсе игі.
А.ӘБДІЛҰЛЫ

saryarka-samaly.kz