Ойын басында жанкүйерлердің жерлестеріне берген қолдауына қарамас- тан, павлодарлықтар жақсы ойын өрнегін көрсетті. Кездесудің 34-минутында бұрыштама добынан кейін «Ертістің» жартылай қорғаушысы Карлос Фонсека есеп ашты. Кездесудің екінші бөлімінде Талдықорғанның аяқдопшылары қарқын-дарын үдете түсті. Ойынның 80-минутында «Жетісудың» жартылай қорғаушысы Рифат Нурмугамет таразы басын теңестірді. Кездесудің соңғы минутында жетісулық шабуылшы Олег Хромцов «Ертістің» осал тұсын тауып, есепті еселеді.

- Ойын нәтижесі көңіл көншітерліктей емес. Футболшыларымыз екі апта бойы жол үстінде жүр. Ойынның екінші бөлімінде спортшылар шаршап қалды. Кубоктық ойындағы жеңісімізді жалғастыра алма-ғанымыз өкінішті. Енді өз алаңымызда «Қайратпен» болатын кездесуге тыңғылықты дайындалатын боламыз, - деді «Ертіс» футбол командасының бас бапкері Жерард Нус.

Қызылорданың «Қайсар» команда- сын 4:1 есебімен жеңген Алматының «Қайратына» қарсы тұру павлодарлықтарға оңайға түспесі анық.

Премьер-лиганың алтыншы тур ойындарынан соң «Жетісу» турнир кестесі- нің жетінші орнына, «Ертіс» сегізінші орынға тұрақтады.

А.ӘБДІЛҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz