«Пахарь» жауапкершілігі шек- теулі серіктестігі бірнеше жылдан бері асыл тұқымды абердин-ангус сиырларын өсіру- мен айналысады. Бүгінде аталған шаруашылықта 2900 бас асыл тұқымды ірі қара бар. Етті мал шаруашылығын дамыту мақсатында Железин ауданында жаңадан құрылған «Павлодар ет кооперативі» ЖШС алдағы уақытта үш жақты келісімшарт бойынша асыл тұқымды бұқаларды өңірдегі шаруаларға тегін жалға беру жұмысын жүзеге асырмақшы.

«Павлодар ет кооперативі» ЖШС-нің директоры Олег Литвиненконың айтуынша, аталған бастама осыдан біраз уақыт бұрын Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниевтің «Етті мал шаруашылығын дамытудың 2018–2027» жылдарға арналған бағдарламасының тұжырымда- масы негізінде қолға алынуда.

- Өңірде мал басын асылдан-дырғысы келетін шаруалардың саны көп. Бүгінгі таңда екібас-тұздық шаруаларға 40 бас асыл тұқымды бұқаны тегін жалға беруді жоспарлап отырмыз. Оның 12-сі Екібастұзға бүгін жеткізіледі. Алдағы уақытта Железин ауданы аталық малдың 7-уін, Ақтоғай ауданы 28-ін алуға тапсырыс берді, - деді О.Литвиненко.

13 айлық бұқалардың орташа салмағы 400 келі тартатынын ескерсек, тұрқы бөлек, ірі малдан сапалы тұқым алуға толықтай негіз бар. Кооператив тарапынан тегін жалға берілетін бұқалар 4-5 айдан соң иесіне қайтарылады.

- Ауылдағы ірі қара малдың сапасы жылдан-жылға төмендеп, ұсақталып барады. Жаңа бастама ауыл шаруашылығына тың серпіліс әкеледі деп ойлаймын. Біз бүгін Екібастұздағы төрт ауылдық округке 12 бұқаны үш жақты келісімшарт бойынша алуға ниеттеніп келдік. Таза қанды абердин-ангус бұқаларынан жақсы тұқым аламыз деген ойдамыз, - дейді Екібастұз қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас- шысы Абай Хакімов.

Келер жылы аталған кооператив ауылдардан асыл тұқымды абердин-ангус бұқасының еркек бұзауларын сатып алуды жоспарлап отыр. Сатып алған малдың тірі салмағының бір келісіне 650 теңге көлемінде қаражат төленбек. Бұған қоса әрбір келісіне 200 теңге субсидия беру де қарастырылған.

Алпысбай ХОНЖ

Железин ауданы.

saryarka-samaly.kz