Бұған дейін, 90-шы жылдардың соңында сахна-ланған драма, жас әртістердің қатысуымен жаңа құрамда көрермен назарына қайта ұсынылмақ.

- Бұл қойылымның көтерген жүгі ауыр. Ең әуелі бұл жерде ата-ана мен баланың байланысы, ұлттық тәрбие, туған жерге, ауылға деген махаббат жатыр. Спектакльге арқау болатын мәселе бүгінгі күнде де бар. Мысалы, көптеген жастарымыз ауылды тастап, қалаға көшіп, өскен топырағына қайта оралып баруды ар санайтын күнге жетті. Міне, осындайларға ой салатын тамаша туынды. Сонымен қатар пьеса көрермендерді ата-аналарын, туған-туысқандарын сыйлауға, бағалауға шақырады. Мәселен, пьесаның басты кейіпкері Жөкен - Толасбайдың әкесі қаладағы балаларына қонаққа келеді. Бірақ оған ешкім қуанышты емес. Толасбай мен оның әйелі Файрузаның өмірдегі негізгі мақсаты – мансап қуу. Толасбаймен болған жағдай, кез келген адамның басына түсуі мүмкін. Яғни ата-анасын, туған жерін тастап, қалалық қыздың артынан кеткен Толасбайдың өкініші арқылы біз бүгінгі жастарға ой салғымыз келеді - дейді ҚР мәдениет қайраткері, қойылымның қоюшы режиссері Жұмахан Доспаев.

Жаңа сипатта сахналанып отырған қойылымда Толасбай рөлін Руслан Нұғыманов пен Қобыланды Болат сомдаса, оның жары Файрузаны Аида мен Толқын Әдебиет ойнайды. Сонымен қатар бұл драмадан Бейбіт Шәнім, Жұмахан Доспаев, Медет Садығазин, Рахат Жұмахан тәрізді өзге де әртістерді көре аласыздар.

Премьера 4 мамыр күні сағат 19.00-де және 5 мамыр күні сағат 17.00-де өтеді.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz