Сталинград шайқасында бірнеше дивизия, бригада мен батальон жауға қарсы тойтарыс берді. Олардың қатарында 29, 38, 405-атқыштар дивизиясы, 74, 75-теңіз атқыштар бригадасы, 152-жеке атқыштар бригадасы, 387-Перикоп атқыштар дивизиясы, 81-кавалерлік дивизия, 129-миномет полкі, 156-жеке мотоатқыштар батальоны бар. Мәселен, кейін 27-гвардиялық атқыштар дивизиясы болып қайта жасақталған 75-теңіз атқыштар дивизиясы Средний, Голубая, Родионов, Кисляков, Вертячий және Сталинградтағы «Баррикада» зауыты кентінің бір бөлігін жаудан азат етті. Ал 81-кавалерлік дивизия 2-гвардиялық корпусты толықтыруға жіберілді. Бұл құрамға қазақ, өзбек, тәжік, түркімен және қырғыз әскерлері қосылды.

Немістік-фашистік әскердің Сталинградқа қарай шығуына байланысты Қазақстанның батыс аудандағы майдан түбіндегі аумаққа айналды. Оңтүстік-Шығыс майдан шебі қолбасшысының бұрынғы орынбасары Н.Анисимовтің айтуынша, Сталинград шайқасының жекелеген шекарадағы көлемі ені бойынша 500 және тереңдігі бойынша 600 шақырымға дейін жеткен. Бұл аталған майдан түбіндегі аумаққа Батыс Қазақстан, Гурьев облыстарының кей бөлігі кіргенін білдіреді.

Сталинград шайқасындағы ерлігі үшін қазақстандық 29 және 38-дивизиялар 72, 73-гвардиялық болып қайта құрылды. 72-гвардиялық дивизия Сталинградты қорғағаны үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Сталинград облы-сындағы елді мекендерді жаудан босатқаны үшін 73-інші гвар-диялық дивизияға құрметті атақ – «Сталинградтық» берілді, ал оның 4 полкі 209-Абганеровтік, 211-Басаргин, 214-Воропонов, 153-артиллериялық Оразов гвардиялары деп аталды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Прези-диумының Жарлығымен жауынгерлік міндеттерді қалтқысыз орындап, ерлік танытқаны үшін 17-танк полкінің командирі, подполковник Тимофей Позолотинге, 808-авиациялық полкінің ұшқышы Нұркен Әбдіровке, атты-артиллериялық дивизионның минометшісі Қарсыбай Спатаевқа, 128-атқыштар полкінің взвод командирі Гаяз Ромаевқа Кеңес Одағының Батыры атақтары берілді.

Сонымен қатар, Кеңес Одағының Батырлары, біздің жерлестеріміз – Серікбай Мүткенов, Құдайберген Сұрағанов, Михаил Катаев, Алексей Горобец, Иван Скляровтардың жуынгерлік жолы дәл осы Сталинград шайқасынан басталған еді.

Серікбай Мүткенов жетек-шілік еткен 126-атқыштар дивизиясы 1942 жылдың 4 тамызында Сталинград шайқасына кірді. Тамыздың 25 күнінде жан алысып, жан беріскен ұрыс болды. Бұл уақытта дивизия жеке құрамының 60 пайызын жоғалтса да, жауынгерлермен де, қару-жарақпен де толыққан жоқ. Соған қарамастан, дивизияның әскерлері қойылған міндетті орындап, 64-інші армияның жаудың шабуылынан шегінуіне мүмкіндік берді. 1943 жылдың қазан айында аға сержант Мүткенов Днепрден өту кезінде қаруды нысанаға тура дәлдеп атып, жауды жойды. Жаяу әскеріміздің жүруіне жағдай жасады.

Құдайберген Сұрағанов 1942 жылы артиллериялық учили-щені тәмамдап, сол жылдың сәуір айында 1111-полкінің 6-бата-реясының взвод командирі атанды. Кіші лейтенант Сұрағановты марапаттау парағында: «1942 жылдың 22 тамызында 12 неміс танкінің Тингут станциясы тұсында шабуылы кезінде оларға қайтпас қайсарлықпен төтеп беріп, 4 танкті атып түсірді. 28 қыркүйекте жау танкілері біздің әскердің шебіне кірді. Сол кезде жеңіл жарақат алған Сұрағанов ұрыс даласын тастап кетпей, тағы да шабуылға тойтарыс берді. 30 қыркүйекте жау әскері әуеден бомбылағанда Сұрағанов тұтас бөлімді аман алып қалды. Екінші рет жараланса да, қатарда қалды. Сұрағанов Сталинградты қорғау кезінде 4 танкті, 2 артиллериялық батареяны жойып, 390 гитлерлікті жер жастандырды» деп жазылған.

Михаил Катаев 8-кавалериялық корпус құрамында Сталинград түбіндегі Оңтүстік-Батыс шебінде соғысқа араласты. Бұл корпус 1943 жылдың 14 ақпанында 7-гвардиялық кавалерлік корпус болып қайта құрылды. Гвардия старшинасы Михаил Катаев танкіге қарсы қарудың нысанашысы болып, Днепр үшін шайқаста көзге түсті.

Алексей Горобец байланыс ротасының радисі ретінде 1943 жылдың 29 қыркүйегінде Днепр арқылы өтіп, рацияны жайып, абоненттермен байланыс орнатты. Келесі күні жарақат алып, радиостанция істен шықты. Жарақатына қарамастан, радиостанция басшысымен бірге ақауды жойып, байланысты қайта орнатты.

Максим Милевский 1942 жыл-дың желтоқсан айында Сталинград түбінде шайқасқан 2-гвардияның құрамында болды. Дәл осы гвардия қарсылас топтың шабуылына тойтарыс беруде шешуші рөл атқарды. 24 желтоқсанға дейін біздің әскер Мышкова өзені, Иванов-Капкин, Васильев-Капкин төңірегінде жаудан қорғанса, ал 24 желтоқсанда шабуылға көшіп, қарсыласты оңтүстікке қарай ығыстырды.

Иван Скляров 1942 жылдың 8 шілдесі мен 16 қарашасы ара-лығында Сталинградта шайқасты. Ол әскери-авиациялық мектепті тәмамдап, соғыс жылдары ұшқыш болған еді. 1942 жылға қарай 33-жылдам бомбалау авиациялық полкінің ұшқышы Скляров қарсы-ластың әскері мен маңызды нысандарына бомба тастау үшін 87 рет ұшқан.

Ұлы Отан соғысындағы ең қиын кезеңдердің бірі – Сталинград шайқасында Ертіс бойының осындай ерлері батылдық танытып, еліміз бен жерімізді жаудан аман алып қалды. Қаһармандардың қайтпас қайсарлығы мен ерлігіне мың тағзым!

Николай БОЙКОВ, Павлодар гуманитарлық колледжі «Поиск» әскери- патриоттық клубының жетекшісі, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы.

saryarka-samaly.kz