Облыс әкімдігінде өткен аппа-раттық жиында облыстық ветериная басқармасының басшысы Қайыржан Байжанов былтыр тексерілген ірі қараның 1,2 пайызы ауру жұқтырған деп мәлімдеді. Ұсақ мал арасында да аталмыш аурудың азайғаны тіркелген. Қарап отырсаңыз, бруцеллез дертінің өңірімізде беті қайтқаны байқалады. Облыс әкімі Болат Бақауов бұл аймақта ветеринарлық пункттер ашып, аурудың алдын алу жұмыстарының жүйелі жүргізілуімен байланысты, деді.

Десе де, Екібастұз, Ақсу қала-ларының ауылдық аймақтарында көрсеткіш облыстың деңгейден жоғары болып отыр. Биыл облыста 20 қолайсыз ошақ анықталған. Оларды сауықтыру жұмысы жүргі-зілуде. Мамандардың жетіспеушілі-гінен бұл іс-шаралардың кешеуілдеп жатқаны айтылды. Аймақ басшысы жылдағы мәселе биыл да алдан шыққанын сынап, ендігі кезде жұмыстарды малды қырға шығармай жүзеге асыруды тапсырды. Айта кетейік, биыл облыста 18 ветери-нарлық пункт салынады. Құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 410 млн. теңге бөлінген. Баянауылдан басқа аудан-қалалардың барлық тірек ауылдарын ветеринарлық пунктпен қамту мәселесі биыл толық шешілмек. Былтыр мұндай 20 мекеме салынды. Мамандар пайдасы байқалып отырғанын мәлім етті. Одан бөлек, 29 типтік мал қорымын салу үшін құжаттар әзірленуде.

- Мал қорымының орнына өлек-селерді өртейтін пештер сатып алу тиімді емес пе?! Екеуінің құны шамалас. Мал қорымында өлексе жиналып, көміледі. Мұнымен мәселе бітпейді. Себебі су көтерілсе, шайып кету сияқты қауіптер пайда болады. Ал пештерде толық өртеледі. Қауіп жоқ. Сондықтан алдағы уақытта зерделеп көру керек, - деді Б.Бақауов.

Мұндай қауіпсіздік шаралары аса қажет. Өйткені, өңірімізде төрт түлік санын көбейту көзделген. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, алдағы бес жылда ірі қара мал басын 9 пайызға арттыру жоспарлануда. Ұсақ мал мен жылқының да саны көбейтіледі. Осы ретте, облыс әкімі асылдандыру ісін ақсатпауды, өндіруші бұқалармен қамтуды жеделдетуді тапсырды. Қытай нарығына жол ашылып жатқанын да ескертті.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

saryarka-samaly.kz