Жалпы, Качир ауданында биыл егіс алқабы 198,8 мың гектарды құрамақ. Оның 126,06 мың гектарына дәнді дақыл екпек. Сондай-ақ, 66 мың гектарға күнбағыс, 1400 гек-тарға картоп, 110 гектарға көкөніс, 1500 гектарға көп жылдық шөп, 2,4 мың гектарға жүгері себіледі деп жоспарлануда. Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер 1000 тонна минералды тыңайтқыштарды сатып алуды жоспарлап отыр.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруа-шылығы бөлімінің бас маманы Николай Нижниктің сөзінше, көктемгі дала жұмыстарын бастауда сәуір айы қиындық тудырмаған. Ал қазіргі ауа райының салдарынан бірқатар шаруашылық жоспарды орындауға кірісе алмай отыр.

- Аудан диқандары дала жұмыстарын сәуір айының соңында бастаған. Ол кезде ауа райы жылы еді. Мамыр айы басталғалы ауа температурасы төмендеп кетті. Солтүстіктегі ауылдық округтер әлі егін науқанын бастай алмай отыр. Қазіргі уақытта 24,8 мың гектарға күнбағыс себілді, - дейді ол.

Егістік жұмыстарын ойдағыдай жүргізу мақсатында 2900 тонна жанар-жағармай бөлінген. Диқандардың ауылшаруашылық техникалары жыл сайын жаңартылып келеді. Өткен жылы жалпы құны 1 млрд. теңгеге 89 бірлік техника сатып алынды. Биыл бұл қатар тағы 37 бірлікпен толыққан. Бұл жоспарланған жұмыс-тың нәтижелі өткізілуіне септігін тигізері сөзсіз. Аудан бойынша 140-тай шаруа қожалықтары егістік жұмыстарын жүргізеді екен.

- Егіс науқанын табысты жүргізу үшін жанар-жағармай, тұқым, қаражат та жеткілікті. Ауа райының жылынғанын тілеп отырмыз. Бастысы, диқандарымыздың еңбегі жанып, биыл қамбамыз мол астыққа толса игі, - дейді Н.Нижник.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

saryarka-samaly.kz