Жаңа маусым басталғалы бері «Ертістің» сүреңсіз ойынына осы жолы қан жүгірді. Кездесудің бірінші бөлімінде жерлестеріміз қарсыластардың қақпасына 3 гол соғып үлгерді. Ойынның 15 және 26-минуттарында «Ертістің» жартылай қорғаушысы Павел Шабалин екі рет мергендігімен танылды. Бұл қуаныш ойынның 42-ші минутында «Ертістің» қорғаушысы Милош Стаменковичтің соққан голына ұласты.

Ойынның екінші жартысында Илья Калининнің орнына жасыл алаңға шыққан Фуад Салами 80-ші минутта төртінші голдың авторы атанды. Ойынның соңғы минуттарында Дору Попадюк есепті 5:0-ге жеткізді.

- Бүгінгі ойын көңілден шықты. Кездесудің алғашқы бөліміндегі стандартты жағдайда соғылған 3 гол да - біздің дайындығымыз-дың нәтижесі. Ойыншыларға барлық амал-айлаларды түсіндіруге тырыстық. Мақсатымыз орындалды, - дейді «Ертіс» футбол командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Дмитрий Кузнецов.

Осылайша жерлестеріміз турнир кесте-сіндегі жағдайларын едәуір жақсартып, 13 ұпаймен 5-ші орынға көтерілді.

А.ӘБДІЛҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz