Мұнда бензин ғана шығарыл-майды. Жазғы және қысқы дизельді отын, тіпті тауарлы мазут да өндіріледі. Уфа зауыты «Башнефть»-ке қарасты кәсіпорын. Уфа мұнай өңдеу зауытында 6 мыңға жуық адам еңбек етеді.

- Бізде кадрлар мәселесі жоқ. Егер Мәскеуге жақын өңірлердің тұрғындары ел астанасына еңбек етуге жиі кетіп қалатын болса, бізде мұндай түйткіл туындамайды. Кадрлар тапшылығы еш болған емес. Көбі 15-20 жылдан зауыттың бір қондырғысында тұрақты жұмыс істейді, - дейді акционерлік қоғам бөлімшесінің директоры Антон Зайцев.

Ал әлемде ағаштан түрлі материал жасайтын ірі өндіріс орындарының бірі уфалық «Kronospan» кәсіпорны бүгінде ЛДСП және ДСП өнімдерін шығарады. Оның негізгі тұтынушыларының бірі Қазақстан екен.100 жылдық тарихы бар кәсіпорын еліміздің өңірлеріндегі дилерлермен белсенді жұмыс жасауда. Алдағы уақытта ынтымақтастықтың жалғасын табатынына сенім білдіруде. Бұл ретте, Павлодар облысымен де байланыс бары айтылды.

- Қазіргі таңда ағаштың ірі үгінділерінен ОСП, яғни плиталар жасайтын зауыт салып жатырмыз. Бір айдан соң іске қосылады. Өніміміздің 56 пайызын экспорттаймыз. Атап өтсек, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай елдеріне жөнелтіледі. Оңтүстік Америкаға тауарымызды тасымалдауды жолға қоймақ ниеттеміз, - деді «Kronospan-Башқұртстан» кәсіпорнының коммерциялық директоры Барыш Джан.

Уфа қаласында «Kronospan» компаниясының базасы «Уфа» индустриялдық паркінде орналасыпты. Мұнда инвесторларды мүлік салығынан және кіріс салығының бір бөлігінен босату мүмкіндіктері қарастырылған. Облыс әкімі Болат Бақауов Павлодарда да мұндай арнайы экономикалық аймақтың барын атап өтті. Арнайы экономи-калық аймақта салықтық жеңілдіктер жасалатынын да мәлім етті. Башқұртстан кәсіпкерлерін әріптестік орнатуға шақырды. Оларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.

Сонымен қатар Б.Бақауов «УфаОргСинтез» кәсіпорнында изопропилбензол шығаратын қондыр-ғыны жаңартқаннан кейін қайта іске қосу салтанатына қатысты.

Уфада өткен мұнай–газ химия форумына қатысқан аймақ басшысы Болат Жұмабекұлы Башқұртстан Ресейдің мұнай газ саласы үшін технологиялар орталығы саналатынын және бұл мол тәжірибенің Ертістің Павлодар өңіріне өте маңызды екенін бөле-жара атады.

- Қазақстанның ірі индустриялық әрі экономикалық өңірі - Павлодар облысы әрдайым тұрақты дамуға және инновациялар енгізуге мүдделі. Мұндай форумдар тәжірибе алмасуға, жаңа технологиялар табуға көп мүмкіндік береді. Ашық түсті мұнай өнімдерін алуда ауыр мұнай қалдықтарын қайта өңдеу, сондай-ақ, қолданылған майлар мен жақпа майлардың рециклингі, автомобиль шиналарын қайта өңдеу мәселесі өте өзекті саналады. Бізде мұнай өңдейтін жұмыс істеп тұрған өндірістер болғанымен, мұнай-химия саласында ресейлік әріптестерімізбен ынтымақтастық жасауға перспективті бағыттар бар. Бұл бағытты дамыту инвестициялық және сауда тұрғысында ынтымақ-тастық орнатуға мол мүмкіндік береді, - деді Болат Бақауов.

Жалпы, Павлодар облысы мен Башқұртстан өзара тиімді байланысты бекемдей түсуге ниетті. Оған қоса, Ертістің Павлодар өңірі Башқұртстан үшін Қытай Халық Республикасымен әріптестікте байланыс көпірі болмақ. Бұл жөнінде облыс әкімі Болат Бақауов пен Башқұртстан Республикасының басшысы Рустэм Хамитовтің ресми кездесуі кезінде айтылды.

- Қазақстан – ең жақын көршіміз. Біздің қарым-қатынасымыз әлі шыңына шыққан жоқ. Павлодар облысынан әріптестеріміздің өзара әрекеттестіктің өте тиімді әр қызықты нұсқаларын ұсынып, байланыс орнатуға ниет білдіріп жатқаны қуантады. Бұл біз үшін маңызды. Павлодар облысында әктас пен тұздың кені көп екенін білеміз. Сонымен қатар, көңілге қонымды жеңілдіктер беретін осы өңір арқылы біздің кәсіпкерлеріміз Қытайға жол салып отыр. Көршіміздің басты басымдығы да – осы, - деді Р.Хамитов.

Башқұртстан павлодарлық әріптестерінің көмегімен ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға жеткізу мәселелерін жан-жақты пысықтауға мүдделі екендерін айтты.

- Ірі шаруа қожалықтарының өкілдері бізбен бірге тауарлы сүт фермаларының және өсімдік шаруашылығының қызметімен танысуға келді. Біз ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеумен айналысатын ірі шаруа қожалықтары мен кәсіпорындарының өзара тиімді жұмысына баса назар аударуды ұсынып отырмыз. Ал білім беру мен ғылым саласындағы байланысты айтар болсақ, біздің жоғары оқу орындарымыз бірлескен жұмысты әлдеқашан бастап кеткен. 2015-2018 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 35 магистрі Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, білім алды, - деді Б.Бақауов.

Кездесу соңында Рустэм Хамитов Уфаға арнайы барған Болат Бақауовқа алғысын айтып, жауапты сапар ұйымдастыратынын мәлімдеді. Бұл сапар биыл жаздың соңы мен күздің басында болуы мүмкін.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

saryarka-samaly.kz