Солардың қатарында Львовка ауылының тұрғыны Еламан Сүрімбетов те бар. Ол 2017 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы арнайы курсты тәмамдап, сертификат алған. Бүгінде ауыл кәсіпкері жеке шаруашылығында қой, жылқы, ірі қара сынды төрт түлікті өсіруде. Мемлекет тарапынан берілген несиеге ата кәсіп – мал шаруашылы-ғын одан әрі дамытуды көздеп отыр. Өткен жылы «Қаржы-лай қолдау» қорының көмегімен мал басын тағы 15 ірі қарамен толықтырған. Қолдағы төрт түліктің күтімі құнарлы азыққа байланысты екені белгілі. Бұл ретте Еламан Рамазанұлының шаруашылығында қажетті техника мен шөп қоры жеткілікті.

- Кәсібімнің дамуына аудандық кәсіпкерлер палатасы көмек қолын созды. Мамандардың көмегімен мемлекет-тік бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алдым. «Бастау-Бизнес» жобасы шалғай елді мекендерде тұратын шаруалар үшін зор мүмкіндік деп білемін. Халықтың әл-ауқатын көте-румен қатар білімімізді де арттырады. Мұндай қолдау арқылы талай азаматтар кәсіп бастап, ауыл шаруашылығын дамытады деген ойдамын. Қосымша жұмыс көздері де ашылады. Болашақта мал басын арттыруды көздеп отырмын, - дейді кәсіпкер.

Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын Еламан Сүрімбетов-тің жүрегі мейірімге толы екенін атап өткен жөн. Жұбайы екеуі балалар үйінен екі ұл, бір қыз асырап, тәлім-тәрбие беріп отыр. Мұндай қайырымды іс ерлікке пара-пар!

Айдана ҚУАНЫШЕВА
Качир ауданы.

saryarka-samaly.kz