- Әлия Назарбаева жетекшілік ететін «Жандану әлемі» атты балалардың шығарма-шылығын қолдауға арналған жоба ауқымында ұйымдастырылған «Бала дауысы» байқауы 8-12 жас аралығындағы жас таланттарға арналған, - дейді №25 мектептің музыка жетекшісі Жанұзақ Балкенов. - Алғашқы туры Online режимінде өтіп, оған бүкіл еліміз бойынша 3176 бала қатысты.

Осыншама жас үміткердің арасынан 18 әнші іріктеліп, олар Алматы қаласында келесі сыннан өткен. Бұл байқауға біздің аймақтан 5 бала қатысыпты. Солардың арасында Гауһар озық шығып, алдағы 22 қыркүйек - 7 қазан күндері аралығында Алматыда тікелей эфирден көрсетілетін ақтық сайысқа шығады.

- Бұл - балаларды қолдау жобасы болған-дықтан, әншілерге көрсетілетін қызметтің бәрі тегін, - дейді Жанұзақ мұғалім. - Алдағы ақтық сайыста әншілер 6 ән дайындайды, 6 әнге алты түрлі сахналық киім тігілмек. Олар әйгілі әншімен ән шырқайды, 18 баланың арасынан бір баламен дуэт болмақ, одан кейінгі сынақтарда бала дауысының ерекшелігіне орай әндер, шет тіліндегі бір ән таңдалып, сол бойынша хормейстер, вокал, жалпы, арнайы музыка мамандары әр баланың талантын дамыту үшін жұмыс істейтін болады,-дейді.

8 желтоқсанда 18 әншінің арасынан бір ғана әнші іріктеліп, оған шет елге - World Disney-ге жолдама беріліп, әлем елдері алдында өнер көрсетеді.

Жеңісті күндерің жалғасын тапсын, Гауһар!

С.ТАУҚЫЗЫ. 

saryarka-samaly.kz