Италиялық Альдо Николай ХХ ғасырдың екінші жартысында ең танымал жазушылардың бірі болған. Ол - 75 спектакльдің авторы. Әрі театрға арнап 50 монолог жазған. Автордың шығармаларының арасында көптің жүрек қылын дөп баса білген туындының бірі - осы «Күзгі оқиға» (Железный класс) пьесасы.

Қойылымның негізгі көтеретін мәселесі - қарттардың жалғыздығы мен кәрілік жеткенде балаларына қажетсіз болып қалатыны. Бұл драмада бүгінгі күннің ащы шындығы бар, - дейді қойылымның режиссері Жанкелді Садықов.

- ХХІ ғасыр жастарының кейбірі ата-анасын кәрілік жеткенде жалғыз тастап немесе қарттар үйіне тапсырып жібереді. Өкінішке қарай, бұл біздің қоғамда әлі де бар. Премьерада көтеретін мәселе міне, осы тақырып болмақ, - дейді Ж.Садықов.

Спектакльде небары 4 адам ойнайды. Олар - Бейбіт Шәнім, Дәурен Әділ, Бек Тоқатов, Руслан Нығманов, Қарлығаш Жексенбаева және Баян Исабекова.

Бұған дейін көрермен назарына балаларға арналған «Қожа мен спорт» ертегісі мен «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» комедиясын ұсынған Жанкелді Садықовтың бұл бастамасы да елдің қошеметіне бөленер деген сенімдеміз.

Құрметті павлодарлықтар, қойылымды тамашалап, рухани азық аламын десеңіз, 14-15 мамыр күндері театрға асығыңыз!

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz