Биыл дене тәрбиесі және спорт басқармасы БАҚ арасында облыстық спартакиада ұйымдастыруды қолға алған-ды. Журналистер қауымы наурыз айында шаңғы жарысында бақ сынаған еді. Енді, міне, тоғызқұмалақ тақтасына жайғасып, өзара мықтыны анықтады. Әр командада екі ойыншыдан (ер, әйел) өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша облыстық «Сарыарқа самалы» және «Звезда Прииртышья» газеттері бірдей ұпай жинады. Төрешілер есептеген қосымша көрсеткіштер бойынша соңғысының мерейі үстем болып, жеңімпаз атанды. Екінші орын «Сарыарқа самалына» бұйырды. Үздік үштікті «Ирбис» телеарнасы түйіндесе, «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының командасы төртінші орынға табан тіреді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы грамоталармен марапатталды.

Енді БАҚ өкілдері осы айда шахматтан шеберлік байқасады. Бұдан кейін жеңіл атлетика, волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, бильярд жарыстары күтіп тұр.

 

saryarka-samaly.kz