Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов халыққа есеп беру кезінде мәлім етті. Ауқымды жиынды еліміздің барлық өңіріндегі ішкі істер департаментінің қызметкер-лері онлайн режимде тамашалады. Жиында министр атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның сөзінше, биыл елімізде қылмыс деңгейі 19 па-йызға төмендеген. Оның ішінде тонау – 15,2 пайызға, зорлық-зомбылық–14,4 пайызға, ұрлық – 19,2 пайызға, бұзақылық 19,6 пайызға төмендеген. Бірақ ауыр және аса ауыр қылмыс-тардың көрсеткіші көңіл көншітпейді. Мәселен, соңғы бір жарым жылда 3093 адам қылмыскерлердің қолынан қаза тауып, 1430 адамның денсаулығына зиян келген. Бұдан бөлек, өзгенің мүлкін тонау фактілері де азаймай тұр. Әсіресе, оның үлесі Алматы қаласында – 73,8 пайыз, Ақтөбе облысында – 71,7 пайыз, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында 70 пайызды құрайды. Әрбір бесінші ұрлық тұрғындардың пәтерінде жасалады екен. 2017-2018 жылдары 4 мыңнан астам есірткі қылмысының жолы кесілді. Күн сайын елімізде мас күйде жасалатын 2-3 ауыр қылмыс тіркеледі екен. Сондықтан барлық қылмыстың 14 пайызы да ащы суға құмар азаматтардың есебіне тиесілі. Бұл тізімде біздің облыс та бар.

- Мас күйде жасалған қылмыстар-дың ең жоғарғы көрсеткіштері Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау және Ақмола облыстарында анықталды. Аталмыш жағдайдың алдын алу мақсатында 2470 адамға шақталған 22 наркологиялық ұйым жұмыс істейді. Өткен жылы 5200 маскүнем еркінен тыс емдеуге жіберілді. Аталмыш орындарға араққа салынған адамдарды жіберу оңай емес екенін айтқан абзал. Бұл жерде бірқатар қиындықтар бар. Сондықтан бұл мәселені әкімдіктермен, мемлекеттік органдармен бірге шешуіміз керек, - деді Қ.Қасымов.

Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселе-сіне де мән беру қажет. Қазіргі уақытта республика бойынша кәмелетке толма-ған 8 мыңнан астам бала есепте тұр. Олардың тең жартысы мектеп, лицей және гимназияда білім алады екен. Өткен жылы жасөспірімдер 3140 қылмыс жасаған. Оның 27-сі кісі өлімімен аяқталған. Сонымен қатар, 36 қылмыс – қарақшылық, 492-сі тонау фактілерін құрайды. Осы ретте 3 мыңнан астам бала қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Басым көпшілігі 16-17 жаста. Сондықтан бұл жағдайды ата-аналар, ұстаздар, мектеп инспекторлары да назарға алуы тиіс!

Жиын соңында ішкі істер министрі тұрғындар тарапынан қойылған сауал-дарға жауап берді.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

saryarka-samaly.kz