80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «Халық радиосының» тілшісі Естай Рысбекке тең келер ешкім болмады. Жүлделі екінші орынды – аталған радиостанцияның бас инженері Вадим Бородин еншіледі. Үздік үштікті облыстық «Регион.kz» газетінің жауапты хатшысы Жарқынбек Амантай түйіндеді. 90 келіге дейінгі салмақта - «Найзатас» журналының жауапты хатшысы Айбек Оралхан қарсыластарының барлығын ұтты. Екінші орын ERTIS телеарнасының эфир инженері Еркебұлан Ариновтың қанжығасында кетті. Үшінші орынға «Халық радиосының» дыбыс режиссері Рустам Алпысбаев лайықты деп танылды. 90 келіден жоғары салмақта «Ертіс» телеарнасының веб-редакторы Есенбек Санатұлы чемпион атанса, «Халық радиосының» қызметкері Бекболат Сауырбай екінші орынды жеңіп алды. «Ирбис» телеарнасының операторы Дмитрий Моисеенко үздік үштіктен көрінді. Сонымен қатар, чемпиондар арасындағы абсолютті сайыста да Естай Рысбектің бағы жанып, турнирдің кубогына қол жеткізді.

Барлық жеңімпаздарға «Ертіс Медиа» ЖШС-нің аты-нан ақшалай сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.

Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz