Естай атындағы Мәдениет сарайы - Астана көшесі - Ак.Шөкин көшесі – Тәуелсіздік даңғылы – Ладожская көшесі және қайтадан осы бағыттармен қайту. 500-ден астам адам дәл осы шеңбер бойынша велосипедпен жүрді. Қатысушылардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, ірі кәсіпорындардың өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары бар. Павлодар мұнай-химия зауыты жас мамандар кеңесінің төрағасы Сұлтан Оспанбектің айтуынша, аталмыш өндіріс орнынан 15 адам қатысты.

- Біздің зауытта спортқа ден қоятын адам көп. Әсіресе, жастар түрлі спорттан сайыстарға қатысып, республикада үздік атанып жүр. Астана қаласының 20 жылдығына орай веложарыс ұйымдастырылатынын естіп, бұл шарадан қалыс қалмайық деп шештік. Сөйтіп, велосипедтерді жалға алып, жолға шықтық. Бүгінгі шарадан алған әсеріміз тамаша. Мұндай игі бастама жүйелі түрде ұйымдастырылса, біздің кәсіпорын ұжымы белсене қатысуға әзір, - дейді С.Оспанбек.

Облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының бас маманы Айбек Ақылжановтың айтуынша, Астананың 20 жылдығына орайластырылған веложарыстың ерекшелігі – байкерлердің де қатысуы. Облыстағы ұжымдардан веложарысқа қатысуға 1000-ға жуық өтініш түскен. Жеке велосипеді жоқ тұрғындар үшін жалға беру ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бұл жарысқа мотоцикл мен темір «тұлпар» тізгіндегендер де қатысты.

14 шілдеде Баянауылда Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 125 жыл толу-ына орай дуатлоннан, 11-12 тамызда Павлодар қаласында триатлоннан жарыс-тар ұйымдастырылмақ. Сол кезде де велосипедті серік еткендер сайысқа қатысып, бақ сынай алады.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

saryarka-samaly.kz