Аталған кинофестивальге әлемнің 21 мем-лекетінен 200-ден астам өтініш келіп түскен. Барлығы 68 конкурстық, 31 конкурстық емес кинотуындылар 3 күн бойы көрермен назарына ұсынылады.

Ауқымды жобаға қатысушыларды Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Үш күнге созылатын кинофестивальде қазақ киносының атасы - Шәкен Аймановтың жерлестері Қазақстанмен қоса Ресейдің, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Белорустың, сонымен қатар еуропалық кинорежиссерлердің еңбектерін тамашалайтын болады.

Ерекше қошеметке бөленіп, қызыл кілем-мен жүрген қазылар алқасының құрамында Сатыбалды Нарымбетов, Ермек Тұрсынов, Фархат Абдраимов, Асхат Кученчереков секілді кәсіби кинорежиссерлер мен майталман мамандар бар.

- Қазақстанға қарағанда менің есімім шетелге көбірек танылды. Кино саласында жүріп, әлемнің көптеген елдерінде болдым. Бүгінгі кинофестивальдің ұйымдастырылуы өзге мемлекеттердегі жобалардан кем түспейді. Сапасына жоғары баға берер едім. Осы үрдіс алдағы уақытта жалғасын тапса деймін. КСРО-ға қазақ киносын мойындат-қан Шәкен Аймановтың елінде туғаным үшін бақыттымын, - дейді актер, кинорежиссер Асхат Кученчереков.

Үш күнге созылатын кинофестивальдің қорытындысында жеңімпаздар 4 номинация бойынша анықталады. Бағы жанғандар «Үздік деректі фильм», «Үздік ойын фильмі», «Көрер-мен көзайымы» және «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» аталымдарына ие болады. Сондай-ақ, жеңімпаздарға алюминийден жасалған қанатты мүсіншелер табыс етіледі. Ертіс-Баян өңірінің символына айналған бұл мүсіннің алғашқысы жергілікті кино- режиссер Людмила Лебедеваға бұйырды. Оның «Мангашлык» атты қысқаметражды фильмі көпшіліктің көңілінен шыққан.

Кәсіби мамандар алғаш рет ұйымдас-тырылған шара отандық киноиндустриясын жаңа белеске шығаруға ықпал етеді дейді.

Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz