Мұндай жағдайға балалардың мерзімінен бұрын өмірге келуі мен төмен салмақпен тууы себеп болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашевтің сөзінше, өңірде тегін дәрі алу мәселесі бойынша қиындық туындамайды. Қазіргі уақытта 46 ауру түрі бойынша 400-ден астам препарат сатып алынған. Бұл ретте артериялық гипертония, қант диабеті, жүректің ишемиялық аурулары бойынша қажеттілік 100 пайызды құрайды. Қант диабетіне шалдыққандар үшін «Диабетон» дәрісін алмастыратын «Глюкоген» дәрісі шығарылған. Сондықтан тұрғындар аталмыш дәрінің көмегі диабетонмен бірдей екенін ескерген жөн. Бұл ретте аудан, ауылдағы бас дәрігерлер тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі уақытта облыста 73 дәрігердің орны бос тұр. Олардың қатарында учаскелік дәрігер, акушер-гинеколог, педиатрлар бар. Бұл  мәселені шешу мақсатында төмендегідей жұмыстар легі қолға алынған. «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы арқылы оқу бітірген түлектер мен Оңтүстік өңірлерден отбасылар тартылуда. Биыл Шарбақты және Железин ауданына Оңтүстік Қазақстаннан дәрігерлер көшіріліп, маман тапшылығы мәселесі шешілуде. Бұдан бөлек, облыс әкімі 100 дәрігердің резидентура және интернатурада оқуы үшін арнайы грант бөлген екен. Қазіргі уақытта білім алатындардың тізімі белгіленген. Барлық білім алатын жастар кейін Павлодар өңірінде жұмыс істеп, бос орындарды толтырмақ. Сондықтан мамандар болашақта өңірде дәрігер тапшылығы мәселесі туындамайды деген сенімде.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

saryarka-samaly.kz