1965 жылы Железин ауданында дүниеге келген Ербол Арынов үшін кәсіпкерлік саласы таңсық дүние емес. Ол 1993 жылы жеке шаруа қожалығын ашып, бизнеске бет бұрған болатын. 1998 жылы Кәсіпкерлер съезінде кәсіпкерлер форумының президенті болып тағайындалып, сол кезден бастап-ақ әріптестерімен бірлесе жұмыс істеуге кірісті. Кейін Павлодар қалалық мәслихатының депутаты ретінде өңірдің әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне де атсалысты. Ал 2011 жылдан осы уақытқа дейін «Ақ жол» партиясының облысымыздағы жұмысын үйлестірді.

- Қоғамдық жұмыстармен қатар кәсібімді дөңгелеттім. Еліміздегі стадиондарда орналасқан пластмасса орындықтардың 80 пайызы - мен басшылық ететін кәсіпорынның өнімі. Өткен жылы Астана төрінде өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында біздің компания 8 қабатты үй тұрғызған болатын. Мұның барлығын атап отыруымның себебі – құр мақтану емес, Кәсіпкерлер палатасының басшылығына топ ете түсе салмағынымды көрсету. Яғни, бизнес ортадағы түрлі кедергі мен қиындықты жақсы білемін. Олардың шешімін оң тауып, жаңадан кәсіп ашқан ағайындарға көмектесу – менің ендігі міндетім, - деді Е.Арынов.

Осы орайда Кәсіпкерлер палатасының басшысы шағын және орта бизнесті несиелендіру, кәсіпкер атануды қалайтындарды оқыту, оларға жан-жақты көмек көрсету, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өнімділігін арттыру үшін барын салатынын айтты.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

saryarka-samaly.kz