Жалпы, бүгінде аймағымызда 75 мың гектар суармалы алқап бар. Алайда оның тек 63 пайызы, яғни 47 мың гектары ғана нақты іс жүзінде қолданылып келеді. Аймақтағы егістік алқаптарын суаруға арналған жүйелер ескірген. Сондықтан жергілікті билікке суармалы егін шаруашылығын дамыту үшін әлі көп күш жұмсауға тура келеді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Есентай Мүрсәлімовтің айтуынша, 2022 жылға дейін аймақтағы суармалы алқаптардың көлемін 4,6 есеге көбейту жоспарланған.

- Алдағы төрт жылда суармалы алқаптардың жалпы көлемі 210,6 мың гектарды құрамақ. Оның ішінде, 42,3 мың гектар жер «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорны есебінен қайта қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, Ертіс-Успен каналын қайта қалпына келтіру бойынша жоба әзірленді. Бұл қосымша 10 мың гектар алқапты іске қосуға мүмкіндік береді. Ертіс өзені мен Сәтбаев каналы бойындағы 120 мың гектар алқап суару әдісіне көшірілмек, - деді Е.Мүрсәлімов.

Данияр ЖҰМАДІЛ

saryarka-samaly.kz