Әулиекөл археологиялық кешені Екібастұз ауылдық аймағының Қаражар ауылының маңында орналасқан.

Зерттеуші тарихшылар кешенге мынадай анықтама берген екен: археологиялық кешен орналасқан Ақкөл–Жайылма өңірі ақсүйектердің, яғни Шыңғыс хан ұрпақтары-ның ордасы орналасқан жер ретінде қазақ-тар арасында белгілі еді. XIV ғасырдың кесе-нес Сарыарқа шекарасындағы ең ірі архео-логиялық құрылыстардың бірінен саналады. Жерлеу дәстүрі исламға дейінгі мұсылман жоралары бойынша жүзеге асырылған, яғни бұл XIV-XVI ғасырлар кезеңіндегі жерлеу рәсімдеріне тән. Қайтыс болған адамды батысқа бағыттап жерлеу, ағаштан жасалған табыттар, құрал–саймандардың аз болуы, құрбан тамағының болмауы, отқа табыну және басқа да белгілердің жоқтығы ислам дінінің белгілеріне жатады.

Ортағасырлық әміршінің орда-базарында қажетті ішкі инфрақұрылым болды: дін жолындағы тұлғалар, емшілер, шеберлер, қызметшілер, күзетшілер, сауда-айырбас-пен айналысқан сатушылар көп еді. Бұл аймақта тауар-ақша айналымы қатынастары жақсы дамыған. Археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған Алтын Орда дәуірінің теңгелері - соның айғағы. Сондықтан бұл археологиялық кешенді Солтүстік–Шығыс Қазақстанның көшпенді тайпалары енген ортағасырлық ұлыс басшыларының жазғы ордасы ретінде қарастыруға болады. Жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Әулиекөл археологиялық кешені ертеден бері тарихи-мәдени маңызы бар нысан екені дәлелденді.

Жалпы, Әулиекөл кешені орналасқан Ақкөл-Жайылма өңірі халық арасында ежел-ден бері киелі жерлердің бірі ретінде саналады. Бұған қазба жұмыстардың нәтижесін-де табылған археологиялық олжалар, қазір-гі күнге дейін сақталған құрылыс қалдықтары дәлел. Жергілікті тұрғындар бұл жерді қасиет-ті деп маңайынан өткен кезде аруақтарға арнап дұға оқиды.

Қалабалғасын мұнарасы

Қалабалғасын мұнарасы Май ауданы Қызыл Еңбек ауылының маңында орналасқан.

Жүздеген жылдар бойы саяхатшылар мен зерттеушілер бұл жерді мұсылман мешіті, қалмақ кесенесі, көне қалмық ғибадатханасы, ескі қамал немесе қимақ қаласы деп санап келді. Қазба жұмыстары барысында Ертістің сол жақ жағалауында тарихи деректердегі аталған Қабал-ғасұн, Джалин-обо немесе Қалбасын мұнарасы -Жошы Ұлысы кезеңінің кесенелерінің қалдықтары екені және XIV-XVI ғасырлардың құрылысы екені нақты анықталды.

Зерттеушілер - Ф.Байковтың «Статейный список» еңбегінде, академик Г.Ф.Миллердің «De scriptis in Sibiria repertis» мақаласында, Г.И. Спасскийдің «Сибирский вестник» және В.В. Радловтың «О сибирских древностях» еңбектерінде осы археологиялық нысан сөз болады.

Қалбасұн мұнарасын зерттеу және ғылыми тұрғыда анықтау ісі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде бастау алды. Аталмыш киелі нысанды зерттеуде Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті ғалымдары, атап айтқанда - Ж.О.Артықбаев, В.К.Мерц және Т.Н.Смағұловтың еңбектерін атап өтуге болады. Көпжылдық зерттеулер нәтижесінде археолог Т.Н.Смағұловтың 2012 жылы «Қалбасұн мұнарасы» атты монографиясы жарық көрді.

Бұл тарихи орынның жәдігерлері мен XVIII ғасырдың 30-шы жылдарындағы Г.Миллердің еңбегінде сақталған ғимараттың суреттері осы құрылысты порталды-куполдық кесене-күмбезі деп анықтауға мүмкіндік береді. Қарабалғасынның дала архитектурасының белгілі ескерткіштері - Абат-Байтақ, Кесене және басқа да атақты ескерткіштермен құрылымдық ұқсастығы барын байқауға болады.

Яғни, бұл мұнара - Ақ Орда дәуірі-нің қазақ даласындағы мұсылмандық дәстүрлердің таралуының анық белгісі, бай-дәулетті ақсүйек өкілдерінің маңызды жерлеу-ғұрыптық дәстүрлерінің көрінісі.

Әзірлеген - Сая МОЛДАЙЫП.

saryarka-samaly.kz