- «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасының шеңберінде Ақтоғай ауданының білім беру мекемелерінде «Ақтоғай-тану» және «Біз - Қазақстанның болашағымыз» атты жобалар іске асырылуда. «Саналы азамат» жобасы шеңберінде Қ.Ыдырысов атындағы орта мектепте «Қолданбалы өнер шеберлерінің алаңы» жұмыс істейді, - дейді Қаршыға Зәлмұханұлы.

Бұл ауданда «Мектебіме тағзым» жобасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы жоба шеңберінде азаматтар өздері білім алған мектептеріне жиі қолдау көрсетіп отырады. Биылғы жылы осы аудан мектептерінде оқыған ауқатты азаматтардың демеушілігімен 1 млн. 683 мың теңге қаражат бөлініп, мектептерге түрлі құрал-жабдықтар сатып алынды. Биыл «Демалыс лагеріне жолдама сыйла» акциясы ұйымдастырылып, Қараоба және Абай атындағы мектептерінде білім алатын 15 балаға Баянауыл ауданындағы «Жас дәурен» жазғы лагеріне жолдама берілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тағы бір нәтижесі – көптеген мектеп оқушыларын асық ойынына тартты. Биыл ауданда 17 үйірме ашылып, оған 400-ден астам бала қатысқан. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының бастамасымен «Туған жер» жобасы аясында аудандық кітапханада «Коворкинг орталығы» ашылды. Бұл мақсатқа 1 млн. 140 мың. теңге бағытталды.

Биыл әйгілі әнші, композитор Естай Беркімбайұлының туғанына – 150 жыл. Осыған байланысты ақынның кесенесіне абаттандыру және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Естай әншінің зираты биыл «Қасиетті Қазақстан» арнайы жобасы бойынша облыс көлеміндегі сакралды орындар қатарына енгізілді. Биыл ауданға қарасты бірнеше ауылдың мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтпек. Атап айтар болсақ, Әуелбек аулының мәдениет үйіне 27 млн. теңге қарастырылса, Шолақсор ауылын 25,7 млн. теңге бөлінеді деп күтілуде.

Тілеуберді САХАБА

saryarka-samaly.kz