«Астана» өз жанкүйерлерінің үмітін ақтауға тырысқанымен шеберлік жетіспеді. Қарсыластар қақпасынан бір де бір саңылау таппады. Ойынның алғашқы жарты сағатына дейін біздің жігіттер бірнеше қауіпті шабуылдардың бетін қайтарып еді. Өкінішке қарай матчтың 39-минутында алаңның сол қапталынан шабуыл жасаған загребтіктер «Астананың» қорғаныс шебін бұзып өтіп, есеп ашты. Д.Ольмо Дмитрий Шомконы айналып өтіп, тоғызыншы нөмірдегі Марио Будимирге тамаша пас беріп, қақпашымен бетпе-бет шығарды. Өткір шабуыл өтінде әбден ысылған Марио мүмкіндікті мүлт жібермеді.

Қос команда екінші таймды да қарқын-ды бастады. Екі жаққа тың ойыншылар қосылды. «Астана» командасы тым болма-ғанда осы 1 гол айырмасын сақтап қалуға тырысқанымен, оны да ұстап тұра алмады. Ойынның 79-минутында біздің команданың қақпашы алаңының ішіндегі қарбаластан кейін соққан голын шотландиялық төреші Джон Битон оффсайд деп есепке алмады. Араға бес минут салып, «Динамоның» мергендері екінші голын соқты. Бұл жолы да Д.Ольмо гол авторы атанды.

Қос команданың қарымта кездесуі 15 тамыз күні Хорватия астанасы Загреб қаласында болады. Міне, астаналық коман-да жанкүйерлерінің бар үміті – осы ойында. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз. Еске сала кетейік, егер «Астана» плей-офф кезеңіне жолдаманы жеңіп алса, Швейцарияның «Янг Бойз» клубымен ойнайды.

Тілеуберді САХАБА.

saryarka-samaly.kz