Жаңа оқу жылына дайындық барысы мен білім беру саласындағы өзекті мәсе-лелер бұрнағы күні облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиын барысында талқы-ланды. Алдымен облыс әкімі Болат Бақауов кадрлық өзгеріске тоқталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы қызметіне Ержан Ибрайымов тағайындалды. Ержан Кебекұлы 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2006 жылы Қонаев атындағы университетті тәмам-даған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына басшылық етті. Аймақ басшысы Болат Бақауов Ержан Ибрайымовтың мол тәжірибесі мен біліктілігі алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға көмектесеріне сенім білдірді.

Бұдан соң облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы алдағы оқу жылына дайын-дық барысын баяндады. Облыстың бас ұстазының айтуынша, биыл орта мектеп-тердегі оқушы саны 3 мыңға көбейіп, 102 мыңға жетеді. 1-сыныпқа шамамен 12 мың бүлдіршін қабылданбақ. Мектеп оқушыларына арналған оқу құралдарын сатып алу үшін 1 млрд. 116 млн. теңге қарастырылды. Ал 5,6,7-сынып шәкірттеріне арналған «Өлкетану» оқулықтарын сатып алуға облыстық бюджеттен қосымша 56,8 млн. теңге бөлінді. Одан бөлек, материал-дық-техникалық базаны нығайтуға, оның ішінде оқушы жиһазы, компьютер техникасы, физика, химия және биология кабинеттерін, 10 мектеп автобусын және тағы басқа қажеттіліктерге 1 миллиардтан астам теңге қарастырылды. Қысқасы, оқу жылына дайындық тыңғылықты жүргі-зілуде. Десе де, өзекті проблемалар да жоқ емес. Айталық, облыс бойынша 7 мектеп жабылды. Бұдан былай Екібастұздағы футбол мектебі, Мың-томар және Жақсат бастауыш мектептері, Ақтоғай ауданында Қарабұзау, Железин ауданында Дүйсеке, Тереңкөл ауданында Покров және Май ауданында Абай бастауыш мектептері балаларды қабылдамайды. Оған қоса, шағын жинақты 8 орта мектеп негізгі, Ақтоғай ауданының Ақбидай негізгі мектебі бастауыш мектепке қайта ұйымдастыру жоспарлануда.

- Тарату және қайта ұйымдастыру бойынша барлық шара уақытылы жүргізіл-ді. Оқушылар қала және аудан мектептері-не бөлінді. Кей ауыл оқушыларын көршілес елді мекендердегі мектептерге тасымал-дау ұйымдастырылған, балаларды мектеп жанындағы интернаттарға орналастыру мәселесі де шешілді. Ал педагогтар басқа мектептердегі бос орындарға жұмысқа орналастырылды немесе заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылды. Қазіргі уақытта Қалқаман балалар үйін және Екібастұз қаласының кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерге арналған баспананы жабу бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деді Д.Болатханұлы.

Бұл ретте облыс әкімі Б.Бақауов түсіндіру жұмыстарының тыңғылықты жүргізулі тиіс екенін қадап айтты.

- Мектептерді білім сапасын арттыру үшін жауып, қайта ұйымдастырып жатыр-мыз. Балалардың мүмкіндігі аз мектептерде оқығанынан гөрі жақын ауылдардағы жағдайы бар мектептерде білім алғаны әлдеқайда дұрыс. Иә, кейбір ата-аналардың балаларының барып-келіп оқуына, интернатта тұруына қатысты теріс пікір білдіруі ықтимал. Бірақ, мұндай қадам олардың білім көкжиегін кеңейтетінін түсіну керек. Ал жабылған мектептердің ғимараттары қаңырап қалмайды. Сол ғимараттарда балабақшалар, шағын орталықтар, қосымша білім беру ұйымдары ашылады. Сондықтан, алаңдауға негіз жоқ, - деді Б.Бақауов.

Ал кейбір оқу орындарында күрделі жөндеу мен мектепке қосымша ғимарат салу жұмыстары белгіленген мерзімнен кешіктірілуде. Сондықтан 1 қыркүйекке дейін аяқталмайды деген қауіп бар. Десе де, аудан басшылары үлгереміз дегенді алға тартып отыр. Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов Жаңабет ауылындағы Нығманов мектебінің қосымша ғимаратын оқу жылына дейін ел игілігіне беру үшін жұмысшылар екі ауысымда еңбектеніп жатқанын айтты. Тереңкөл ауданының әкімі Жанат Шұғаев та Тереңкөл ауылындағы №1 мектептің қосымша ғимараты 1 қыркүйекке дейін тапсырылады деп сендірді.

Осы орайда педагогтарға қатысты да күрмеулі мәселенің барын айтпасқа болмас. Былтыр облыстың ауылдарындағы мектептерінде қызметке қабылданған 335 мұғалімнің 33-і ғана сол ауылдағы үйлерге орналастырылды. Кейбірі үй иелерімен бірге тұруға мәжбүр болса, енді бірі ата-аналарымен тұруды жөн санаған. Биыл жұмыс орындарына бөлу қорытындысы бойынша, облыс мектеп-теріне жоғары оқу орындар мен колледж-дердің 480 бітірушісі жіберілді. 10 тамыз-дағы жағдайға сәйкес, 112 жас маман жұмысқа орналасты. Облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы тұрғын үй мен толық жүктеменің болмауы жас мұғалімдердің ауылдағы жұмыстан бас тартуының негізгі себебі болып отыр деді. Оған қоса, облыс көлемінде 200 педагог пен 23 мек-теп директорының орны бос тұр.

Аймақ басшысы Болат Жұмабекұлы ауылдық жерлерде екінші нарықтағы үйлер бар бола тұра, көтермеақы берілсе де неліктен мұндай жағдай орын алып отырғанын саралауды тапсырды.

- Соңғы бірнеше жыл дересінде «Дипломмен-ауылға!» келген жас мамандармен аудан-қала әкімдері жүздесіп, олардың жағдайын біліп, саралауы тиіс. Егер мемлекет тарапынан осы уақыт-қа дейін берілген көтермеақы жетпесе басқа жолдарын қарастырайық. Жас мамандар баспанамен қамтылмаса, кадрлардың тұрақтамайтыны түсінікті. Сондықтан олардың әлеуметтік мәселесін шешу басты назарда болуы керек, - деді Б.Бақауов.

Сонымен қатар, жиын барысында балабақша мен колледждердің жағдайы талқыланды. Бүгінгі күні 1-ден 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 77,2 пайызы, 2-ден 3 жасқа дейінгі балалардың 65,5 пайызы және 3-тен 6 жасқа дейін балғындардың 100 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Биыл Баянауыл ауданы Майқайың кентінде балабақша ашылды, жыл соңына дейін Тереңкөл ауданының Львовка ауылында 50 орындық мекеме балаларды қабылдайтын болады.

Ал облыстағы техникалық және кәсіп-тік білім беру мекемелерінде 20,6 мың студент оқиды. Биыл Тереңкөл ауда-нындағы колледж «Агро-Даму», Ертіс ауданындағы колледж «Оразбаев» шаруа қожалықтарына сенімді басқаруға берілмек. Сонымен қатар, Павлодар монтаждау колледжі мен Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжі бірігіп, соңғысының ғимаратында олимпиадалық резерв колледжін ашу жоспарланып отыр. Бірақ соңғысының жобасы әлі күнге дейін дайын емес.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Болат Бақауов оқу жылына дайындықты күшейтуді, жыл соңына дейін wi-fi желісіне қосылуды 100 пайызға жеткізуді, оқу сапасын арттыру мен педагогтардың жағдайын жақсартуды жүктеді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

saryarka-samaly.kz