Келесі жылы Лермонтов кө- шесі, 1 мекенжайы бойынша 9 қабатты екі үйдің қазығы қағыл- мақ. Мердігер компания – «Бекас» жауапкершілігі шектеулі серіктес-тігі Ертіс өзенінің жағасындағы баспаналарды салуды өз мой- нына алып отыр. Мұнда шатыр-жай жерасты көлік тұрағы, бала- ларға арналған ойын алаңы болмақ. Мұндай жоба экологтар мен кей тұрғындар тарапынан алаңдаушылық тудыр- ған еді. Себебі, бұл жаңа құры- лыс Ертіс өзенінің су қорғау аймағында бой көтереді. Бірақ, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының өкіл- дерінің айтуынша, су қорғау ай- мағына қатысты белгіленген режим бар. Соған сәйкес, мұнда көліктерге техникалық қызмет көрсету, өндірістік нысандар, ұйымдастырылған тұрақтар, жанар-жағармай бекеттері мен мал шаруашылығы бағытындағы фермаларды ашуға тыйым салынған. Ал аталмыш аумақта тұрғын үйлерді салуға қатысты тыйым жоқ. Демек, келесі жылы Ертіс өзенінің бойында көпқабатты баспана тұрғызу жұмыстары басталады.

Облыс орталығында салынуы жоспарланған концерттік зал да экологтар тарапынан алаңдаушылық тудырды. Мәселенің мән-жайын түсіндіру үшін арнайы қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды. Құрылыс алаңын дайындау үшін 150 ақ қайың мен 10 алма ағашы кесіледі. Есесіне, қаланың әр бөлігінде одан 5 есе көп ағаш отырғызылады. Биологтар мұның барлығын жіті қадағалайтынын айтты.

- Бұл нысан - облыс орталығы үшін жаңа формат, академиялық деңгей. Сол арқылы облыс орталығының мәртебесі жоғарылай түседі. Естай атындағы мәдениет сарайынан үлкен болады. Айталық, қазіргі кезде мәдениет сарайы 800 адамға арналса, жаңа концерттік залда 1200 адам бір уақытта шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалай алады, - деді облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қақамбетов.

Оған қоса, 300 орынға арнал- ған дайындық залы, үш қабатты балкон болмақ. Жоба бойынша нысанның жалпы аумағы – 12 мың шаршы метр. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2021 жыл.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

saryarka-samaly.kz