Жаңашылдықтан жатырқауда

Өткен айға облысымыздың шаруа- лары үшін 6 мың тонна көлемінде жеңіл- детілген дизель отыны бөлінген болатын. Алайда, белгілі бір себептерге байланысты бұл көлем толық игерілмеді. Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Дамир Елеусіздің айтуынша, аймақ диқандарынан аталған дизель отынының 3600 тоннасына өтініш түсіп, қаражаты төленген. Оның 3 мың тоннаға жуығын шаруалар үлестіріп алыпты. Қалған бөлігі әлі тасымалдануда.

- Осы айда күзгі жиын-терім науқанына арналып тағы 7 мың тонна жеңілдетілген отын беріліп отыр. Бағасы да жоғарылай түсті. Атап айтсақ, бұған дейін жергілікті кәсіпкерлер аталған жанармайдың бір тоннасын 186 500 теңгеден сатып алған болатын. Енді оның құны 189 мың теңгеге жетті. Яғни, бүгінде диқандар үшін дизель отынының бір литрі 163 теңгеден үлестірілуде. Бұл баға ҚР Энергетика министрлігінде бекітілетіндіктен, оған біз әсер ете алмаймыз. Жалпы, жеңілдетілген дизель отынын игеру жағынан Май, Железин, Шарбақты, Успен аудандарының шаруалары алдарына жан салмай келеді. Ал Екібастұз қаласы мен Ақсу қаласының ауылдық аймақтарында кешеуілдеуде. Ең төмен көрсеткіш Баянауыл ауданына тиесілі, - дейді Д.Елеусіз.

Бөлінген дизель отынының өз дең- гейінде игерілмеу себебін жауапты орган- дар былайша түсіндірді. Бүгінде облыс шаруалары қажетті жанар-жағармайға өтінішті электронды жүйе арқылы ғана беруі тиіс. Диқандар бұл жаңашылдықты жатырқап жатқан сыңайлы.

Жалпы, биыл шаруалар электрон- ды жүйе арқылы өтініш берудің қыр- сырын алғаш рет үйреніп жатқанын атап өткен жөн. Онымен қоса, жаңа жүйе іс- ке қосылысымен-ақ бірқатар «сынақтан» өтті. Атап айтсақ, дизель отынын тасы- малдаушы оператор ауысты. Ал оған дейін түскен өтініштер кері қайтарылды. Бұдан бөлек, шаруалар бірер уақыт жа- нармай үшін төлем жасай алмады. Себебі, «Халық банк» АҚ мен «Қаз- коммерцбанктің» бірігуінен төлем жүйе-лері жұмыс істемеген. Дизель отыны- ның құнын төлеу талаптары мен оны тасы- малдау да қиындық тудырды. Жанармай тасымалдаушы оператор компаниялар фермерлерге өтініш берген көлемінің құнын 100 пайыз төлеп, оны бірден толығымен алып кетуді талап еткен.

Жаңа электронды жүйеге жауапты «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ басшысы Жанар Сіләмованың сөзіне сүйенсек, бүгінде бұл олқылықтардың орны толтырылған.

- Шаруалар электронды жүйе арқылы еш кедергісіз қажетті көлемде дизель отынын ала алады. Ол үшін алдымен тиісті электронды жүйе арқылы өзіне қажетті көлемдегі жанармайға өтініш береді. Артынша төлемін жасайды. Ол қаражат «Ақпараттық есептеу орталы-ғының» есепшотында жиналады. Тек жауапты оператор шаруаларға тиесілі дизель отынын бөлгеннен кейін ғана оның ақысы аударылады. Яғни, оператор диқандарға жанармайды тезірек бөліп беруге мүдделі, - дейді Ж.Сіләмова.

Сондай-ақ, «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ басшысы әуелгіде кәсіп-керлер жоғарыда аталған электронды жүйеге күмәнмен қарағанын айтты. Бірақ уақыт өте келе түзелуде, дейді ол.

Неліктен өсті?

Елімізде астық ору науқаны таяған шақта дизель отыны тағы қымбаттап кетті. Сала мамандары бұған бірнеше фактордың әсер еткенін атап отыр. Біріншіден, тамыз айында Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды өңдеудің бір тоннасы 31,4 мың теңгеден 37,4 мың теңгеге дейін, ал Павлодар мұнай-химия зауытында 16,3 мың теңгеден 22,5 мың теңгеге дейін өскен. Сонымен қатар маусым айынан бастап дизель отынына арналған акциз мөлшерлемесі бір тонна үшін 540 теңгеден 9,3 мың теңгеге дейін немесе бір литрі үшін 0,4 теңгеден 7,5 теңгеге дейін өскен. Осылайша, дизель отыны бағасының көтерілуіне мемлекет те «үлес» қосып отыр. Жиын-терім науқаны алдында, сондай-ақ темір жол мен транзиттік тасымалдау көлемінің өсуінен жанар-жағармайға деген мау- сымдық сұраныс та күрт өсіп кеткен.

Бүгінде еліміздің мұнай өңдеу зауыттары дизель отынына деген сұранысты толық қамти алмай отыр. Сондықтан, жетпеген бөлігін Ресейден тасымалдауға мәжбүрміз. Бұл жанармай бағасына әсер етпей қоймайды, дейді сарапшылар.

Жалпы, елімізде дизель отынының құнын нарық қалыптастыратынын атап өткен жөн. 2016 жылдан бері аталған жанармай бағасына деген мемлекеттік реттеу шаралары алынып тасталғанын естеріңізге саламыз.

Данияр ЖҰМАДІЛ

saryarka-samaly.kz