Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне интернет дүкендері арқылы сауда жасау сияқты мерзімі жеткен мәселелермен негізінде жиі жастар жүгінеді.

Дүкендердің көбісі сауданың электрондық нұсқасына көшуде. Онлайн-сауда интернеттің бір бөлшегіне айналды. Желідегі тауарлар немесе көрсетілген қызметтерге тапсырыс берудің артықшылығы қандай? Интернет-технологиялар сатып алушылар үшін де, сатушылар үшін де қолайлы. Тұтынушы қолда бар ассортиментті үйден шықпай жылдам интернет арқылы зерттеп, тауарды сатып алуға тапсырыс бере алады.

Интернет пайда болғаннан бастап интернет-алаяқтар сауданың жаңа нысандарын бағалап және әлеуетті клиенттерді алдау мақсатында белсене қолдануды бастады.

Интернет арқылы сауда жасар кезінде ең алдымен тауардың өте төмен бағасына назар аудару қажет.Жарнама жиі «Кеденде тәркіленген тауар сатылады» деген хабарландырулармен қызықтырып қояды. Тәркіленген мүліктің жаппай сатылымында ұрланған заттар да болуы мүмкін. Электрондық ресурс иелері тауар заңсыз түрде әкелінген деп ашық айтса, олармен жұмыс істеу қауіпті.

Сатып алмас бұрын фирма туралы бар ақпаратты: офис, сауда алаңдарын және өңірлік өкілдіктерін, нақты байланыс деректерін анықтаңыз.

Төлем жүргізу техникасына ерекше көңіл бөлу қажет. Төлем ақпаратын егжей-тегжейлі тексеріңіз: егер интернет арқылы тауарды сатып алу оның құнын толық немесе жартылай алдын ала төлеуді талап етсе, дүкен иесінің адалдығына байланысты, ол ақшаны алып, тауарды жібермеуді немесе сапасы төмен немесе сәйкес келмейтін тауарды жіберуі мүмкін. Сатушы мен сатып алушы арасында ешқандай жазбаша шарт, кассалық чек немесе сатып алуды растайтын өзге де құжат болмаса, тауарды алуда немесе қайтаруға кепілідік жоқ. Сатушы уәде бермеген міндеттемелерін орындамаған жағдайда, сатып алушы сотта өз құқығын қорғауы мүмкін емес.

Интернет дүкендерінің қызметтерін белсенді қолданушылар тауардың қорабын ашу сәтін бейнекамераға түсіріп алуға кеңес береді, себебі қораптың ішінде каталогтағы зат болмауы мүмкін немесе сапасыз тауар болуы мүмкін. Сонымен қатар, интернеттен киімге немесе аяқ киімге тапсырыс беру кезінде өлшем сәйкес келмеуі мүмкін. Керексіз тауарды қайтару қажет, бірақ жеткізуге төленген ақша босқа кетеді. Кеуде өлшемі, аяқтың ұзындығы, бел және басқа да деректермен өлшемдерді көрсететін сайттардың қызметін пайдаланған жөн. Сатып алушының бейнетүсірілімі болған кезде тауарды ауыстырды деген айыпты ешкім тағалмайды, сондықтан оны басқа тауарға ауыстыруға немесе ақшаны қайтарып алуға болады.

Электрондық сауданы жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы» заңдарымен және Электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларымен реттелетінін ескерген жөн. Осы заңнамалық актілер тұтынушылардың құқықтары, оның ішінде тұтынушының тауар туралы, және сатушы туралы толық, дұрыс және уақтылы ақпарат алуын, сондай-ақ, тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алу немесе қайтарып беру тәртібін реттейді.

Павлодар облысы тұтынушыларының назарына, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің қызметкерлері әр бейсенбі күндері «Ашық есік күндерін» өткізеді. Іс-шаралар шеңберінде тұтынушыларға консультациялық-құқықтық көмек көрсету көзделген.

Егер Сіздің тұтынушылық құқығыңызға қысым келтірілді деп есептесеңіз, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, кеңес алу үшін Сізді Ак.Сәтбаев көшесі, 136, 412-каб., мекенжайына келіңіз. Сонымен бірге, «Жедел желі» телефонына 8 (7182) 90-32-31 қоңырау шалуға болады.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Ә. КУЛАГИНА.

Мақалада 2017ж. №1 «Біздің сарапшымыз» журналының ақпараты қолданылды.

saryarka-samaly.kz