Жыл сайын 15 наурызда барлық әлем, оның ішінде Қазақстан да Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнін мерекелейді. 2018 жылы Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні «Цифрлық нарықты әділ және адал жасайық» (Makihg digital marketplaces fairer) деген ұранмен мерекеленіп, өткен жыл сияқты «Интернет» желісі арқылы тауарларды тікелей өткізуге байланысты.

Қазақстан Республикасында электронды сауда жаңа дамып келе жатқан сала болғандықтан, Интернет бизнесіне ақпараттық қоғамды және оның экономикаға тікелей үлесінің қалыптасуына байланысты ерекше көңіл бөлу қажет. Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнінің тақырыбы электронды сауда саласында заңнамамен реттелмеген қатынастардан пайда болған мәселелерге қоғамның назарын аудару мақсатын қамтиды.

Тұтынушылар электронды сауда арқылы сауда жасаған кезде көп мәселелермен кездеседі. Электронды саудаға шағымдардың негізгі сипаты - тауарды жеткізуге байланысты, ол тапсырыспен сәйкес келмеуі немесе төленген тауарды беру бойынша міндеттемелерді орындамауы.

Осыған байланысты, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті: тауарға тапсырыс берген кезде Интернет-дүкен сайтында:

- тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы;

- сатушының мекен-жайы (орналасқан жері) және тауар дайындаушының орны;

- сатушының толық фирмалық атауы;

- тауардың бағасы мен сатып алу шарттары туралы;

- оны жеткізу, қызмет ету мерзімі, жарамдылық мерзімі мен кепілдеме мерзімі туралы;

- тауарға ақы төлеу тәртібі туралы, сондай-ақ, келісімшарт жасасу туралы ұсыныстың әрекет ету мерзімі туралы ақпараттардың болуына назар аударады. Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарының сайтында орналастырылатын сатушының мемлекеттік тіркеу туралы мәліметін тексеруге кеңес береміз.

Әр тұтынушы пайдаланудың кепілді деңгейіне, тауарды еркін таңдауға, жұмыстар мен қызметтерді пайдалануға, өнімнің тиісті сапасына, өнім туралы толық және дұрыс ақпарат алуға, өнімнің қауіпсіздігіне, тұтынушылар қоғамдық бірлестіктеріне, сотқа және басқа уәкілетті органдарға жүгінуге, келтірілген залалдың орнын толтыртуға құқылы.

Азаматтар өз құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында тиісті емес сападағы өнімдердің (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндірушілеріне және сатушыларға жеке бастамасымен жүгінуге құқығы бар, бас тартылған жағдайда бұзушылықтарды және осы бұзушылықтардан келтірілген залалды ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнін мерекелеуге байланысты Департаментте 2018 жылғы 15 наурызда сағат 9:00–ден 18:00-ге дейін «Ашық есік күні» өткізілетін болады. Департаменттің мамандары облыс тұтынушыларының қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, барлық жүгінген адамдарға тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтарының өзекті мәселелері бойынша, оның ішінде электронды саудада тауарларды және қызметтерді сатып алу кезінде тұтынушылардың құқықтары туралы кеңес береді. Тұтынушылар барлық дауды жағдайлар бойынша тегін кеңес, тауарларды және қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ, дауда жобаларды жасауға байланысты көмек ала алады. Павлодар қаласы, Сәтбаев көшесі, 136, 412-каб. мекенжайына жүгінуге болады.

Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңесті 8(7182)903231 «Жедел желі» телефоны арқылы алуға болады.

Н.А.ӘУБӘКІРОВА, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы. (2046).

saryarka-samaly.kz